Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда маңғыстау облысының әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес өткізілді

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2019
  • 2333
Маңғыстау облысының әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес бүгін Ақтауда өткізілді. Аймақ басшысымен кездескен жас буын  өздерін толғандырған өзекті мәселелерді көтеріп, оны шешу жолдарын ұсынды. Кеңес және ондағы ұсыныстар жайлы келесі бейнематериалда.

Бұл кездесуді маңғыстаулық жастар жыл бойы күткен. Бүгін өздерін толғандырған мәселені әкімге тікелей айтудың сәті түсті. Жалпы өңірде 566 миллион теңгенің 280-нен астам жобасы сәтті іске асырылыпты. Аймақта бірнеше жастар қозғалысы мен 30 шақты үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді.

Серікбай ТРҰМОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Аймақта 285 жоба жұмыс істейді. Бұл - күллі ел көлеміндегі оңды көрсеткіш. Меніңше, біздің жастарымыз талантты. Уақыт өткен сайын жаңаша ойлайтын жаңа буынның арқасында үлкен жетістікке жетеміз.

Ал «жасылелдіктер» жастар ұйымдарының мүшелерін үш мыңнан бес мыңға дейін көбейтуді ұсынды. Бірақ мәселе тағы да қаржыға келіп тіреледі. Қазір студенттердің жалақысы 35-40 мың теңге көлемінде. Жастардың тілегін алға тосқан ұйым өкілдері бұл сомма 66 мың теңгеден төмен болмауы керек дейді.

Сәкен МЫҢБАЕВ, «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бүгін Серікбай Трұмовпен алғаш рет кездестік. Өңір жастары өз пікірін ашық жеткізе алды. Сындарлы сын дұрыс қабылдануы тиіс. Осындай кездесулер жиі өткізілсе, мәселелер шешіледі деген сенімдемін.

Кездесу барысында облыстағы жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленді.

А. Данияр