Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында тағы бір бүлдіршінге қастандық жасалды

  • AstanaTV
  • 03 желтоқсан 2019
  • 2366

Қарағанды облысында тағы бір бүлдіршінге қастандық жасалды. Бұл жолы Сәтбаев қаласында танысының 3 жасар қызын мас әйел пышақтап өлтірген. Қазір күдікті «Кісі өлтіру» бабымен қамауға алынды. Полицияның хабарлауынша, бүлдіршінді шешесі ішімдікке әуес ерлі- зайыпты таныстарына уақытша қарауға қалдырып кеткен. Кейін дәл сол күні түстен кейін 43 жастағы ер адам полиция бөлімшесіне өзінің пәтерінде пышақ жарақатын алған баланың мәйіті жатқанын хабарлаған. Ұстау кезінде олар мас болған. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып анасының баласын неге қалдырғаны, оны кімнің жазым еткені анықталып жатыр.

Жанатай СЕМБЕКОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Оқиға орнында 34-жастағы үй иесімен ішімдік ішкен күйдегі оның азаматтық некедегі 43-жастағы жұбайы болған. Тергеу барысында баланың мәйіті табылған үйдің 34-жастағы иесіне бұлтартпау шарасы қолданылып қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске салсақ, бұдан екі ай бұрын Қарағанды облысының Бұрма ауылында 23 жастағы жігіт ашынасының 3 жасар ұлын тартып әкетіп, өлтірген болатын.

А. Қуаш