Русский Сайттың толық нұсқасы

АХҚО соңғы бір жылда 200 миллион доллардан астам инвестиция тартқан

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2019
  • 2299

«Nur Otan» партиясы Астана халықаралық қаржы орталығының бастамаларын қолдауға дайын. Орталыққа жұмыс сапармен барған Бауыржан Байбек осылай деді. Қайрат Келімбетов ірі қаржы алаңының жұмысына тоқталды. Бүгінде жетекші орталық 30-дан астам елмен байланыс орнатып, әлемдік 102 ұйым арасынан 51-ші орынға жайғасты. Тіпті соңғы бір жылда қаржылық биржа 200 млн долллардан астам инвестиция тартқан. Қайрат Келімбетов инвесторлар үшін де бірқатар жағдай жасалғанын айтты. Мәселен, шетелдік салымшылар 50 жылға дейін салықтан босатылады. Виза жағынан да оларға жеңілдіктер қарастырылған. Есеп беру кезінде қаржы орталығының басқарушысы "Nur Otan" партиясымен тығыз қарым-қатынас орнатуды көздейтінін айтты. Өз кезегінде Бауыржан Байбек өзара ынтымақтастықты арттыруға бар күш-жігерін жұмсауға уәде берді.

Бауыржан БАЙБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Аударма: Еуразияның жүрегінде орналасқан бас қала Астана халықаралық қаржы орталығының қолдауымен гүлдене түсетініне сенемін. Әрине, экономикалық өсім де арта түспек. Ал, жетекші партия ретінде осы бастамаларды әрі бизнесті алға жетелеуге қолдау білдіруге дайынбыз.

Ғ. Өтемісов