Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда өгей әке ісі сотқа жетті

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2019
  • 1719

Алматыда екі жастағы баласын сабап өлтірді деген күдікке іліккен өгей әкенің ісі сотқа жетті. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Енді ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Толығырақ сот отырысына қатысқан әріптесім Әсем Лесбек тарқатады.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:
 
Жантүршігерлік жағдай осыдан екі жарым ай бұрын Алатау ауданындағы Көкқайнар ауылында болған еді. 34 жастағы күдікті бүгінгі сот отырысында екі жастағы баланың еркелігін көтере алмай, аяусыз ұрғанын мойындады. Дегенмен, асқан қатігездік танытқан өгей әке түрін жариялауға қарсылық білдірді.

Сот отырысында сол күні 7-8 литрдей сыра ішіп, масайып қалғандығын да жасырмады.
 
Жеңіс ҚҰРМАНҒАЗИН, АЙЫПТАЛУШЫ:

Үйге әкеліп ішемін бірінші сыраны, сосын көшеге шығып ішемін, шашатаразға барғанша. Сосын қайтып келе жатып, жаяу бала екеуміз. Сол жерде жылап қоймағаннан кейін қол көтердім. Соңғы рет ұрған кезімде бала өз-өзін ұстай алмай құлап түседі. Басын жерге жарып алады. Сразу есінен таңған жоқ. Біз ары қарай кетіп бара жатқан кезінде тіземе отырғызып алып ұрамын сол кезде есінен айырылды. Кінәмды мойындаймын.


Жәбірленуші ана айыпталушымен жарты жылдан бері азаматтық некеде тұрып келгенін жеткізді. Десе де ұлдарым өгей әкесін жақсы көретін еді дейді.

Әсел ТЕҢІЗБАЕВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Түңгі сағат үште келсе де ұлым ұйықтамай күтіп отыратын. Папам - папам деп отыратын. Қазір өкінемін бұған сеніп, өмірімді алқан-талқан қылдырды. Бір күнде бір сәтте сенгенімді қайтейін, бұған аманат қылып екі ұлымды тапсырып. Больницаға бардым. Ұлымды көрдім.  Екі қолына да засос салып тастаған. Үсті-басы  тілім-тілім, басы деген көкпеңбек. Басы деген жарылып жатыр.


Бүлдіршін ауруханада төсегінде он күн бойы жатып, есін жимастан бақилық болған еді.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

2 жастағы бала өгей әкенің өлімші еткен соққысынан қаза болғаны дәлелденсе айыпталушы 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Келесі сот отырысы 12-ші желтоқсанға жоспарланды. 

Ә. Лесбек