Русский Сайттың толық нұсқасы

Сарысу аудандық орталық ауруханасындағы науқастар сылдыр сумен тамақтанады

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2019
  • 3641

Бұл - Жамбыл облысы Сарысу аудандық орталық ауруханасындағы науқастардың бірінің жіберген бейнетаспасы. Редакциямызға Жаңатас аулының тұрғыны осылай деп шағымданды. Айтуынша берілетін тамақтың құнары жоқ. Қала берді, мұндағы палаталарда ерлер мен әйелдер бірге жатыр. Арнамызға хабарласқан азамат емханадағы бассыздықтарға араша болуымызды сұрады.

Ескендір ТҰРЫСБЕКОВ, ЖАҢАТАС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен барған кезде сол айқай-шығып жатыр екен. Мұнда не десем, біреу тамақ ұстап алған. Мынау не тамақ деп бір кісі келіп, жалоба жасап жатыр. Түнде ана кісінің судорагасы ұстады. Менің жүрегім аурады. Оған шыдамай, басқа жаққа жатқыз десем палата жоқ депті. Терапия бөлімі астында, полный бос тұр. Үстіне неврологияға тығып жатқызып отыр ғой.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ: 

Осы мәселенің мән-жайын анықтау үшін біз дәл қазір Сарысу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Бағила Бегмановамен байланысқа шығып көреміз. Бағила Әблебекқызы, қайырлы кеш! Сіз тікелей эфирдесіз! Ауруханадағы науқастардың сылдыр сумен тамақтанып жатырмыз, дегені рас па? Бұған қатысты не айтасыз?

Бағила БЕГМАНОВА, САРЫСУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Бұған қатысты 128 бұйрық бойынша күніне пациенттерге нормативке сәйкес, 3 мезгіл 4 ыстық тамақ беріледі. Азанда, кешке ботқа беріледі. Түскі асқа сұйық сорпа, екіншісіне бұқтырылған тамақ түрлері беріледі. Қою тамақ түрлері беріледі. Ал енді, видеодағы көрініске байланысты айтататыным, тамақ таратушы қасында болмағандықтан, ол көрініс дәлелді деп айту қиын. 


Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сіз видеоны көрдіңіз ғой. Енді бұл сіздердің ауруханаларыңызда берілген тамақ. Емделушілер түсіріп алған, нағыз дәйек бейнетаспа болып тұр ғой.

Бағила БЕГМАНОВА, САРЫСУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Айтып отырмын ғой. Ол жерде тамақ таратушы қасында болып, расында да сондай порция берілсе, тем более ол кружкаға салынған. Сондай проциямен менің қызметкерім қасында тұрса, мен айтар едім. Иә, бұл дәлелді видео-снимок деп. Ал енді оның ішінде жартылай ішіп қойған. Может ішіндегі сұйығын ішіп қойған. Оны айту қиын. Ол дәлелсіз. Жанында мед қызметкер болу керек. Иә, мен сондай порцияны құйдым деп.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Шағымданушылардың айтуынша, емханада науқастар үшін палата жеткілікті. Орын бар дейді.  Алайда, неге ер адам мен әйелдер бір бөлмеде жатыр?  

Бағила БЕГМАНОВА, САРЫСУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Қазіргі таңда бізде ауруханада күрделі жұмыстар жүруде. Айтқан бос палаталардың терезелері сол кезде бітпеген еді. Сондықтан жаңадан түскен пациентке медбикелер төсек орын дайындағанша, басқа палатадан, кезекші дәрігер жаңағы, оның қан қысымын бос төсекте өлшеген. Келесі дәрігерімнің айтуы бойынша. Төсек дайын болған кезде давлениесін өлшеп, пациентті қарап, оны басқа палатаға. Бос палатаға, еркек пен әйел бөлек жататын палатаға ауыстырдық.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Рақмет! Бізбен тікелей байланыста болған Сарысу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Бағила Бегманова. Біз бұл мәселені өз бақылауымызға алатын боламыз. Құрметті көрермен, егер сізді де алаңдатқан мәселе болса, хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауап іздейміз. Сонымен қатар, егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, материал жолдаңыз. Біз оны эфирден көрсетеміз!

А. Мүтәлі