Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарлық оқушылар орындаған «Мен қазақпын» әні хитқа айналды

  • AstanaTV
  • 06 желтоқсан 2019
  • 3659

«Мен қазақпын» әні әлеуметтік желіде хитқа айналды. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында павлодарлық оқушылар орындаған ерекше челленджді енді елдің барлық оқу орындары жалғастырмақ. Тақырыпты әріптесім Өзгеріс Қуанар тарқатады.

Бір түнде хитке айналған әнді қаладағы №25 мектептің оқушылары орындаған.  Челленджге 2 және 5-сынып аралағындағы 800-ге жуық бала қатысыпты. 

Ахмет-Әли САПАРБЕК, №25 МЕКТЕПТІҢ 5-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Маған бұл өлең өте қатты ұнайды. Өйткені, бұл өлеңді естігінде қазақ еліне деген сүйіспеншілігім арта түседі. Бұл өлеңде қазақтың 7 атасы, 7 қазынасы, ұлттық тағамдары туралы айтылған.

Ал мектеп директоры бұл челлендждің әлеуметтік желіде кеңінен таралғанына таң қалып отыр. Қоғам белсенділері бастаған бастамаға қолдау білдіру үшін  арнайы видео түсіргенін айтады.

Әсел АРЫНҒАЗИНА, №25 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Видеоның тез таралғаны соншалықты жарты сағаттың ішінде бізге жан жақтан ссылкалар келе бастағанда, біз өте таң қалдық. Ең бастысы біз алдымызға қойған мақсатымызға жеттік.
 
Оқушылар бұл әнді бұрыннан хормен айтып жүріпті. Сондықтан да мектеп басшылығы оны ұйымдастыру ешқандай қиындық тудырмады деп отыр. Ал эстафетаны шаһардағы «JEBE» және «Қағандық» қоғамдық бірлестіктері бастаған.

Еркеғали ЖАНҒАЗЫ, «ҚАҒАНДЫҚ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Биыл біз облысымыздың белсенді жастарымен қосылып, «Ұлағатты ұрпақ» деген қозғалысқа қосылып, осы идеяны айтқан болатынмын. Ең басты мақсаттың бірі - біздің ең ұлы ең басты мерекеміз - Тәуелсіздік күннің жаңа жылдың мерекесінің көлеңкесінде қалып қалмасын деген ой болды.


«JEBE» қоғамдық бірлестігі ұлық мерекені кең көлемде насихаттау үшін тағы бір бастаманы қолға алған.

Данияр ЖҰМАДІЛ, «JEBE» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Тәуелсіздікті жаңа жыл мерекесінің деңгейіне дейін көтерсек. Ол бір халықтық мерекеге кәдімгідей балаларды қуанышқа бөлейтін мерекеге айналдырсақ деген ниетпен, мынау тәтті тағамдарды кәмпит шоколодтарды өзіміздің отандық өнімді жиып, бір қорапшаға әрлеп салып, оның үстіне «Тәуелсіздік тәтті ұғым» деп жазып, балаларға таратсақ деген ниетпен тағы да бір бастама бастау алды.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Челлендж ұйымдастырушылары елдің рухын оятуды көздейді. Бастамаларды сол үшін көтерген. Алдағы уақытта бұл эстафетаны елдегі барша оқу орындары жалғастырмақ ниетте екен.

Ө. Қуанар