Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында оқушылар тар мектепте оқуға мәжбүр

  • AstanaTV
  • 06 желтоқсан 2019
  • 3152

Жамбыл облысы Малдыбай ауылындағы мектепте кейбір сабақтар мүлде оқытылмайды. Оған 40 жыл бұрын салынған білім ошағының тарлығы себеп. Ауыл тұрғындары БАҚ өкілдеріне осыйлай деп шағымданды. Олар тозығы жеткен мектеп орнына жаңасын салуды сұрап, талай есікті тоздырған. Данияр Әлімқұлдың репортажы.

Ауыл тұрғындары аудан атқамінерлеріне айтып шаршаған мәселе - осы. 40 жыл бұрын қабырғасы қаланған 80 орындық білім ошағының тозығы жеткен. Одан бөлек, сынып бөлмесі жетпегендіктен кей сабақтар мүлде оқытылмайды.

Айтжан НАРБАЕВ, МАЛДЫБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Еңбек сабағы, спорт, военный подготовка деген жоқ бұл жерде. Кабинет жоқ болғаннан кейін біз жаңа мектеп соқсын деп отырмыз. Мынаны садикке қалдырсын.

Айдынбай МҰҚАНОВ, МАЛДЫБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ал керек десең қысты мына терезелер сынық. Көрініп тұр әне. Мына курткамен отырады. Оқу бола ма сонда? Өзіңіз ойлаңызшы.

Білім ошағының басшысы 120 оқушы екі аусымда оқып жатқанын жеткізді. Айтуынша жыл сайын жөндеу жұмыстары жүреді. Мәселен биыл ішкі жылыту жүйесі жаңартылған. Дегенмен кем-кетігіміз аз емес дейді мектеп директоры. 

Марат МОЛДАШЕВ, МАЛДЫБАЙ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
 
Әттеген-ай болып жатқаны рас. Арнайы акт зал, үлкен сахнамыз жоқ. Жаңа ата-анамыз айтып өтті ғой. Іс-шарамыз коридорда өтеді, тар жерде. Сырттағы, басқа үлкен мектептерге барғанда балаларымыз барып, кейде қайтып келіп жатады. Солар айтып жатады, басқа мектептерде мынандайлармен жұмыс істедік, химия пәні бүйтіп өтті деп жатады. Рас, ондайларды көрмей, қиналып жүргеніміз рас.


Директор оқытылмай жатқан сабақтардың барлығы аудандық білім бөлімімен бекітілген деді. Жалпы Малдыбай ауылында қазір бар-жоғы 400-ге тарта тұрғын бар. Сондықтан жаңа даңғарадай тілім ошағы қажет емес дейді ол. Ал осыдан бес жыл бұрын ескі мектепке қосымша асхана, спортзал және екі сынып бөлмесін салу үшін тендер ойнатылған. Алайда оны ұтып алған компания өз жұмысын жеткілікті деңгейде аяқтамапты. Осыған қатысты дау сотқа жеткен. Сондықтан оның шешімі шықпай жаңа құрылыс салу мүмкін емес дейді Марат Молдашев.   
   
Д. Әлімқұл