Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада ұлттық спорттың үздіктері анықталды

  • AstanaTV
  • 06 желтоқсан 2019
  • 2308

Елордада ұлттық спорттың үздіктері белгілі болды. Бүгін аударыспақ, көкпар, жамбы ату, қазақша күрес және тоғызқұмалақ сияқты спорт түрлерінен дара шыққандар «Алтын тұғыр - 2019» сыйлығымен марапатталды. Дәстүрлі жиын жастардың рухын көтеріп қана қоймай, ерлікке, батылдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеуді көздейді. Ұлттық спорт қауымдастығы мұндай шара 2021 жылы ел аумағында өтетін бірінші бүкіләлемдік этноспорт ойындарына дайындық екенін атап өтті.

Қайрат САТЫБАЛДЫҰЛЫ, ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ТӨРАҒАСЫ:


Биыл елімізде ұлттық спорт түрлерінен Әлем, Азия чемпионаттары мен республикалық турнирлер, фестивальдар және тағы да басқа ауқымды іс-шаралар өткізілді. Мыңдаған адамдар ұлттық спортпен тұрақты түрде айналысады.

Биыл топ жарған дарабоздарды марапаттауға арналған шараға «Nur Otan» партиясы ұйытқы болған. Бауыржан Байбектің пікірінше, мұндай жүлделі ойындар ұлттық құндылығымызды дәріптеуде үлесі зор.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақында осы ұлттық спорт түрлерін жаңғыртуға нақты тапсырмалар тағы да берді. Сондықтан бізде саяси доктринамызда біздің айтылған қазақ тілі, раханиятымыз, тіліміз - ол партияның ең басым бағыттарының бірі.

Ә. Мүтәлі