Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкент қаласы Елтай ауылының тұрғындары 103 нөміріне хабарласа алмай отыр

  • AstanaTV
  • 06 желтоқсан 2019
  • 5249

Шымкент қаласы Елтай ауылының тұрғындары 103 нөміріне хабарласа алмай отыр. Жергілікті тұрғын арнамызға осылай деп шағымданды. Айтуынша жедел жәрдем шақыртса, Түркістан облысына түстіңіз деп тұтқаны қоя салатынын көрінеді. Бұл проблема - Түркістан - облыс орталығы болып, Елтай ауылы Шымкент қаласына қосылғаннан кейін пайда болған.

Зағипа СҰЛТАНМҰРАТОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЕЛТАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

103-ке шықсақ телефон алмайды. Басқа бір нөмер береді, домашний. Сол телефонға шығыңыз дейді. Мысалы мен кеше ауырдым, телефонымда ешқандай минут жоқ, тек активке шыға аламын. Сол себепті мені 103-пен қосып беріңізші десем ешқайсысы қоспайды, жауып тастайды. Бізді сол 103-ке қосып берсінші. 103 алмайды, домашний телефон береді, бірақ біз Түркістанбыз деп шығады.


Қазір біз қалалық жедел медициналық көмек көрсету станциясының бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Оспановамен байланысқа шығып көреміз. Шолпан ханым! Қайырлы кеш! Естіп тұрсыз ғой.  Сіз тікелей эфирдесіз. Неге тұрғындар 103-ке хабарласа алмай отыр?

Шолпан ОСПАНОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Елтай елді-мекенінен былай жалпы шақыртулар түсуде. Бірақ осындай мәселе туып жатыр деп естіп, арнайы Қазақтелеком басқармасымен хабарласып, бұл мәселені тез арада шешеміз деп ойлаймын. Өйткені ұялы байланыс операторлары да болуы мүмкін, неден болуы мүмкін екенін анықтаймыз. Елді мекенге барып, комиссиямен, өзіміз қоңырау шалып көреміз, қай телефоннан қандай мәселе болып жатқанын. Қазақтелеком басқармасымен тез арада шешуге тырысамыз.

Иа, Шолпан ханым. Өздеріңіз білесіздер, түсінесіздер қыл үстінде тұрған қаншама адамның өмірі бар, иә. Осы проблеманы, хабарласқан көрермендеріміздің проблемасына құлақ асып, тез арада мәселені шешесіздер деген біздің де тілегіміз бар.  

Шолпан ОСПАНОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Иа, өте дұрыс. Бізге түспеу мүмкін емес. Халық деген бірінші көмекке бізге жүгінеді. Сондықтан біз бұл мәселені тез арада шешуге тырысамыз.

Жақсы, рақмет Шолпан ханым. Сенеміз, біз де күтеміз. Бұл мәслені өз назарымызда ұстайтын боламыз.

А. Мүтәлі