Русский Сайттың толық нұсқасы

2023 жылы жас кәсіпкерлер саны 30 мыңнан аспақ

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2019
  • 3780

Келер жылдан бастап студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға көтеріледі. Бүгін «Жастар жылын» қорытындылаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Билік жастар арасындағы еріктілік пен кәсіпкерлікке басымдық бермек. Президент 2023 жылға дейін жас бизнесмендер санын 30 мыңға дейін көбейту міндетін қойды. Ол үшін қазынадан 5 млрд теңге қаржы қарастырылған. Әлихан Асқарұлы тарқатады.

Мұнда кіл мықты жиналған. Мақсаты айқын, дамуға талпынған жастар. Кейбірі жобаларын талқыласа, енді бірі президент алдында сөз сөйлеуге әзірленіп жатты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев белсенді жастардың бастамаларына баға беріп, қолдау жастар жылымен аяқталмайтынын айтты.   

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Еліміздің ірі қалаларында жұмысшы жасарға 9 мың пәтер беру туралы шешім қабылданды. Оны жалға алу құны айына 15 мың теңге ғана болады. Ауылды өркендетуге үлес қосқысы келетін жастарға 6 мыңнан астам жәрдемақы, баспана алу үшін 4 мыңға жуық несие бөлінді. Құрылыс отрядтары жанданып, 2 мыңнан астам студент жұмыспен қамтылды.


«Жастар жылы» аясында ел бойынша алғаш болып жалдамалы пәтер алған Бағдат Ахметжанов Мемлекет басшына көрсетілген көмектің тиімді тұсын айтты. 

Бағдат АХМЕТЖАНОВ, АЛМАТЫ қ. ТҰРҒЫНЫ:

Басты мәселе сол болған - пәтерім жоқ болатын. Жалдамалы үйде тұратынмын бала шағаммен тұратынмын. Бұрын азырақ салып жүретінмін депозитіме енді көбірек сала аламын. Тезірек өз үйіме қол жеткізе аламын. 

Келер жылы студенттер шәркіртақының өсетіні өз алдына, еріктілік қызметпен айналысатындарға қосымша ақы төленеді.

Ильяс ТҮСТІКБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕР АЛЬЯНСЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ:

Қазір енді қуанышым жүрегім тебіреніп тұр әлі де. Биылғы жылы біраз жобалар іске асырдық. 540 мың студентті қамтыған жұмыстар жасадық.

Жүзедесуде Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүр сабақтасытығы, отбасы құндылығын сақтау мәселелеріне тоқталды.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Зиялы қауым өкілдерімен ұстаздар, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, отбасы құндылықтарын дәріптеу қажет. Өкінішке қарай қазіргі таңда ажырасу фактілері осы саладағы түйткілді мәселенің біріне айналды. Жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау және зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Бізге бұл бағытта нақты шаралар қабылдау қажет.


Жастар заман талабына сай, ұлттық құндылықтарды насихатауға ниетті. Диджейлер көпшілікке хакім Абайдың заманауи өңделген өлеңін ұсынды.

Мемлекет басшысы кездесу соңында, өнерлі өрендерге «Дарын» сыйлығын табыстап, келер жылды "Еріктілер жылы" деп жариялады.

Ә. Асқарұлы