Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде сұйытылған газ он теңгеге қымбаттады

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2019
  • 1739

Ақтөбеде желтоқсан айынан бастап сұйытылған газ он теңгеге қымбаттаған. Бұрын 54-55 теңге болған автогаздың бағасы әуелі  65 теңге болған. Ал күні кеше құны бірден 70 теңгеге дейін көтерілген. Мұнайлы өлкеде сұйытылған газ құнының ай сайын шарықтауының себебі неде? Бақыт Рахметова анықтады.

Бүгінде Ақтөбеде сұйытылған газ құны әр бекетте әртүрлі. Бүгінгі бағам бойынша газ құны литріне  64 теңгеден басталып, жетпіс теңгеге дейін жетеді. Жүргізушілер газдың құнының күн санап өсуіне түсінбей дал. Айтуларынша кәсіпкерлер ойына келген бағаны қойып отыр. 

Негізі Ақтөбе облысына ай сайын 9 мың тонна әлеуметтік газ бөлінеді. Көтерме бағасы тоннасына 45 мың теңгеден беріледі. Бірақ бағаны желтоқсан айында осы арзан газдан құр қол қалғандар көтерген көрінеді. 

Игорь СНЕГИРЕВ, СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

С первого декабря в нашу компанию практический 2 раза обрезали. Бірінші желтоқсаннан бастап біздің компанияға бөлінетін 60 теңгеден берілетін әлеуметтік газ көлемін екі есеге қысқартып тастады. Жетпеген газ көлемін әрі қарай жұмыс жасау үшін мен биржадан жеткізіп беру бағасымен 122 теңгеден алдым. Екі есеге қымбат, сондықтан осындай баға.

Қазіргі кезде шенділер бағаны жетпіс теңгеге дейін көтерген сұйытылған газ құю бекеттерінде тексеру жұмыстарын бастаған. Содан кейін ғана қымбатшылыққа не себеп болғаны анықталмақ.

Хайдар ЕРМАШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТМР, БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Газ құю стансаларының жұмысын тексеріп жатырмыз. Газ құбю стансасының жұмысын зерттеп жатырмыз. Осы қойылған бағаның заңды не заңсыз ба? Егер заң бұзушылық анықталса, бірінші ескертулер беріледі. Әрі қарай департаментпен ден қою шаралары.

Бүгінгі күні қалада сұйытылған газды тапшылық жасап, қасақана сатпаған   және бағаны негізсіз көтерген екі компанияға ескерту жасалды. Заңсыздық дәлелденсе, кәсіпкерлер қомақты айыппұл төлейтін болады.

Б. Рахметова