Павлодарда
құны 2 млрд теңгеге бәссаудада сатылған қос медициналық мекеме тараптардың
мәмілеге келе алмауына байланысты мемлекеттің меншігінде қалды. Қалалық №1 және
№2 емхананы сатып алмақ болған үміткерлер келісімшартқа келгенде қаржы
басқармасының қойған талаптарымен келіспеген. Сондықтан бұл нысандар
жекешелендіру бағдарламасына енгізілген тізімге қайта оралды.
Кезекті аукцион
қазанның 26-сына белгіленіп отыр. Қаржы басқармасы берген ақпарға сәйкес,
сатылым талаптары мен бағасы өзгермейді. №1 емхана - 224 млн теңге деп
бағаланса, №2 емхананың бастапқы құны - 347 млн теңге деп белгіленген. Павлодар
өңірінде жекешелендіру мемлекеттік бағдарламасы аясында 2016-2018 жылдар
аралығында 39 нысанды жекенің иелігіне беру жоспарланған. Қазірде оның 14-і
сатылып, 1 мекеме жойылған. Биыл 24 ұйым бәсекеге қабілетті ортаға шығарылмақ.
Қадиша Беготаева, Павлодар облыстық қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
Басты
критерийдің бірі - бөліп төлеу болатын. Заң бойынша максималды 3 жыл, минималды
мерзім 1 жыл болды. Біз 1 жылға бөліп төлеуге келісер едік. Бірақ сатып
алушылар 4 жылға алғысы келді. Яғни алғашқы жыл сенімгерлік басқару бойынша
қаржысыз, қалған үш жылға өтемді бөліп төлеу.