Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда 2 млрд теңгеге саудаланған емханалар мемлекет меншігінде қалды

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2017
  • 2382

Павлодарда құны 2 млрд теңгеге бәссаудада сатылған қос медициналық мекеме тараптардың мәмілеге келе алмауына байланысты мемлекеттің меншігінде қалды. Қалалық №1 және №2 емхананы сатып алмақ болған үміткерлер келісімшартқа келгенде қаржы басқармасының қойған талаптарымен келіспеген. Сондықтан бұл нысандар жекешелендіру бағдарламасына енгізілген тізімге қайта оралды.

Кезекті аукцион қазанның 26-сына белгіленіп отыр. Қаржы басқармасы берген ақпарға сәйкес, сатылым талаптары мен бағасы өзгермейді. №1 емхана - 224 млн теңге деп бағаланса, №2 емхананың бастапқы құны - 347 млн теңге деп белгіленген. Павлодар өңірінде жекешелендіру мемлекеттік бағдарламасы аясында 2016-2018 жылдар аралығында 39 нысанды жекенің иелігіне беру жоспарланған. Қазірде оның 14-і сатылып, 1 мекеме жойылған. Биыл 24 ұйым бәсекеге қабілетті ортаға шығарылмақ.

Қадиша Беготаева, Павлодар облыстық қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Басты критерийдің бірі - бөліп төлеу болатын. Заң бойынша максималды 3 жыл, минималды мерзім 1 жыл болды. Біз 1 жылға бөліп төлеуге келісер едік. Бірақ сатып алушылар 4 жылға алғысы келді. Яғни алғашқы жыл сенімгерлік басқару бойынша қаржысыз, қалған үш жылға өтемді бөліп төлеу.