Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандағы 3,5 мың әлеуметтік нысан террорлық қауіп-қатерден сақтанбаған - Н.Нығматулин

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2019
  • 1750

Қазақстандағы 3,5 мың әлеуметтік нысан террорлық қауіп-қатерден сақтанбаған. Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында төраға Нұрлан Нығматулин мәлімдеді. Олардың қатарында білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау мекемелері бар. Мәжіліс спикері мәселені шешуді Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловқа тапсырды.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Әлихан Асханұлы, Егер де жергілікті немесе орталық мемлекеттік органның басшылары жауапкершілікті сезінбесе, онда үкімет шақырып, бір "сілкілеп" алсын. Билік дегеніміз сіз бен біз. Тероризммен күресу -  тек терористерді тауып, оларды құрықтау емес, ондай ұйымдарды қаржылық қолдаудың алдын алу. Бүгін қаралып жатқан заң жобасының маңыздылығы да осыда.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Ең негізгісі сол мектептерде видео камера орнатылуы керек. Және тиісті офицер отыру керек. Мәселелер шешілуде. Біз 58 миллиард теңгені бөліп отырмыз. Келесі жылы 26 миллиярд, әрі арай 36 миллиардтан жыл сайын бөлінеді. Оған қоса жергілікті бюджеттерде жергілікті объектілерге терроризмге қарсы тиісті шаралар қолдау үшін тиісті қаражатты бөлуде.


А. Данияр