Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауыл тұрғындарының тұрғылықты мекен-жайы ауысып кеткен

  • AstanaTV
  • 12 желтоқсан 2019
  • 2855

Тұрғылықты мекен-жайы түсініксіз жағдайда ауысып кеткен ауыл тұрғындары, жәрдемақыдан қағыламыз ба деп қауіптенеді. Атырау облысы Қызылқоға ауданынан редакциямызға арнайы хабарласқан бір топ азамат осылай деп шағымданды. Олар жәрдемақыға құжат жинай алмай отыр. Себебі, базада отбасының мүшелері ауылдың әр бұрышында тіркелгені белгілі болған.  Ал, арнайы көмек тағайындайтын мекеме болса, тұрғындардан құжаттарын тез арада реттеуді талап етуде. Әйтпеген жағдайда, олар тиісті жәрдемақыдан қағылады.

Ырыскүл ІЗТҰРҒАНОВА, САҒЫЗ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Август айында маған тексеру келді үйге. Сол кезде маған айтты сіз мекен-жайыңызды дұрыстаңыз деді. Мен оған мән берген жоқпын. Сосын маған хат келді. Документтіңізді дұрыстаңыз, балаларыңызды жинақтаңыз деген. Жолдасым Былқылдақты елдімекенінде, ал мен өзім Өскінбай деген көшеде тұр екенмін. Балаларым да сол жаңағы Былқылдақты елдімекенінде. Енді маған, мына пособиені алу үшін бір жерде тұру керек болып тұр ғой. Ал мен бір жерде тұра алмай тұрмын ғой.


Мәселенің мән-жайын анықтау үшін дәл қазір Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Марат Әбуовпен тікелей байланысқа шығып көреміз. Марат Әлменұлы, қайырлы кеш! Ауыл тұрғындарының тұрғылықты мекен-жайы қалайша бейберекет ауысып кеткен?
 

Марат ӘБУОВ, ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл жерде 2018 жылдан бастап, тұрғындарға тіркеу кодын бере бастадық. Яғни, әр түрлі базалардың бәрін сәйкестендіріп, мысалы көші-қон базасы бар. Біздің мекен-жай базасы бар. Сосын азаматтық үкімет базасы бар. Сосын мына БТИ деп айтамыз ғой. Бұрынғы жер актілерін беретін мекемелердің базалары бар. Осылардың бәрін сәйкестендіріп, пин-кодтарын берген болатынбыз. Осы жерде кейбір тұрғындарда сәйкессіздік анықталды. Яғни, мекен-жайларында. Яғни, әртүрлі жерлерде тіркелген ертеректе. Содан бері қарай түзетпеген документтерін. Яғни, бұны дұрыстау үшін тұрғын үй иесі өзі жалпы есепке алынатын тұрғындардың барлығының документтерімен бірге әкеліп, құжаттарын көрсету арқылы біздің Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш білдіруі керек. Сосын ол тұрғынның өтініші бойынша, әр жердегі мекен-жайлар біріктіріліп, сәйкестендіріліп, сосын түзету енгізіледі.


Ауыл азаматтары мемлекеттік жәрдемақыны ала алмай қаламыз ба деп алаңдайды. Жалпы, бұған не айтасыз? 

Марат ӘБУОВ, ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздер алдын ала зерттеу жұмыстарын жүргізгенбіз. Сол кезде бізде 108 адамның мекен-жайлары, балаларының мекен-жайлары әр жерде екені, яғни бір отбасыдағы бір баласы басқа мекен-жайда, анасы басқа мекен-жайда немесе әкесі басқа-мекен жайда деген сияқты фактілер кездесті. Осы бойынша түзету жұмыстарын ұйымдастырған болатынбыз. Алайда, бізге бұл көпбалалы отбасылардың көмек тағайындау жөнінде, ондай мекен-жайдың дұрыс-дұрыс еместігінен ондай қажеттілігі жоқ. Себебі, біз ондай анықтамаларынн сұратып жатқан жоқпыз.


Рақмет! Бізбен телефон арқылы тікелей байланысқа шыққан Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Марат Әбуов. Бұл мәселені біз әлі де өз бақылауымызға алатын боламыз!  Қымбатты көрермен, сізді де алаңдатқан мәселе болса, хабарласыңыз! Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады. Біз сізбен бірге жауабын іздейміз.
 
А. Мүтәлі