Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның алты қаласында азық-түлік қымбаттады

  • AstanaTV
  • 13 желтоқсан 2019
  • 2989

Қазақстанның алты қаласында азық-түлік қымбаттады. Оған кәсіпкерлердің өзара сөз байласуы себеп. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бүгін Үкімет мүшелеріне осыны жеткізді. Оның айтуынша, 12 айда әлеуметтік тауарлардың бағасы 12 пайызға өскен. Қымбатшылық жағынан көш басында Алматы, Атырау және Нұрсұлтан қалалары тұр.

Руслан ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттерді айқындау бойынша іс-шаралар қабылдануда. Азық-түлік тауарлары нарығына қатысушыларға 194 хабарлама жіберілді, қазіргі таңда оның 152-сі орындалды.

Премьер-министр Асқар Мамин қымбатшылыққа жол берген үш вице-министрді тәртіптік жазаға тартуды тапсырды. Сондай-ақ олармен қоса Ақтөбе, Петропавл, Тараз, Жамбыл облысы әкімдерінің орынбасарлары да жауапкершілікке тартылатын болды.

Ә. Өмірзақ