Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстау облысындағы Қошқар ата улы қалдықтар қоймасын қалпына келтіру жұмыстары 2018 жылы басталмақ

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2017
  • 2156

Маңғыстау облысында орналасқан Қошқар ата улы қалдықтар қоймасын қалпына келтіру жұмыстары 2018 жылы басталмақ. Ол үшін 1,7 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы Азиядағы ядролық кооперациялар форумының министрлер кеңесі аясында журналистерге Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, жоба Үкіметте қолдау тапқан. Техникалық-экономикалық негіздемесі дайын. Енді бюджет қаражатын күту керек. Ол үшін құжат Парламенттің мақұлдауынан өтуі тиіс.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі: 

Егер бюджетте осы сомма бекітілсе, келесі жылдың қаңтарынан бастап біз, немесе әкімдік сатып алулар бойынша тиісті жұмыстарды бастаймыз. Сосын қойманы қалпына келтіру жұмыстары қолға алынады. Бұл бағдарлама бір жылпен бітпейді, бірнеше жылға жалғасады. Кезең-кезеңмен айналысамыз