Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан-қырғыз шекарасындағы кептелісте тұрғандар азық-түлік пен жатын орындармен қамтамасыз етілмек

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2017
  • 2785

Қазақ-қырғыз шекарасындағы кептелісте тұрғандар азық-түлік пен жатын орындармен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Қырғызстан үкіметінің парақшасында қырғыз елінің премьер-министрі Сапар Искаков осындай тапсырма берді деп жазылған. Қазақ-қырғыз шекарасында ұзын-сонар кезек пайда болғаны туралы бейнетүсірілімдер ғаламторға таралып кетті. Әлеуметтік желі пайдаланушылардың сөзінше, кешеден бері шекарада адамдар мен автокөлік кептеліп қалған.

Айта кетейік, Қырғызстанның шекара қызметінің ресми ақпарынша, Қазақстанның шекара қызметі тексерісті күшейте түскен. Қырғыз тарапы да сайлауалды науқанға байланысты тексерісті қатаңдатқан. Ал еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі жоспарлы операция жүргізіп жатқанын хабарлады. Оның мақсаты - террорлық, контрабандалық және тағы да басқа қылмыстарға қатысы бар тұлғалардың жолын кесу. Сондықтан адамдарды тексеру, жүктерді тінту жұмыстары күшейтілген.