Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда инфрақұрылымсыз қалған ауыл қалаға көшірілді

  • AstanaTV
  • 18 желтоқсан 2019
  • 2893

Атырауда инфрақұрылымсыз қалған ауыл қалаға көшірілді. Шаһардан 30 шақырым қашықта орналасқан «496 бекет» халқының жылдар бойғы арманы орындалды. Олар Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа баспананың кілтіне ие болды.

Көп балалы ана Бибіжан Мұқашеваның қуанышында шек жоқ. Бөлмелерді аралап, жаңа үйіндегі жаңа жоспарын құрып жүр.  Енді олар инфрақұрылымнан қалыс қалған ауылда тұрмайды. Елді-мекенде қалған  16 отбасы «Жұлдыз» ықшам ауданындағы көпқабатты үйге көшірді.

Бибіжан МҰҚАШЕВА, “496 БЕКЕТ” ТҰРҒЫНЫ:
 
Біріншіден Аллаға ризамын, енді екіншіден Елбасы, мына үкіметке рахмет айтам, ризамын. + Немерем бар, бала-шағам бар. Шүкір. Осыған ризамыз. Бұрын от жағып, ебіл-себіліміз шығатын еді. Қыста отын іздеп. Енді қазір арасына келіп, қалалық боламыз енді бұйырса ауылдан көшіп.

496  бекет- кезіндегі теміржолшылар ауылы.  Бұрын үлкен елді-мекен болған. Кейін инфрақұрылымның жоқтығынан  көпшілігі  қалаға қоныс аударып,  ауыл халқы сиреп қалған. Ауылда  тіпті бір де бір әлеуметтік нысан жоқ, қаланың іргесінде тұрғанымен әлі күнге от жағып отыр. Тұрғындар тіпті  әрлі-берлі өткен пойыздардың дүрсілінен  үйдің қабырғалары жарылып,  баспанасының жамауға жарамайтынын айтып , жиі шағымданды.  Биылғы есеп беру жиналысында  облыс әкімі Нұрлан Ноғаев халықтың базынасын тыңдап, көмектесуге уәде еткен еді.

Сандуғаш СҮЙІНӘЛИЕВА, «496 БЕКЕТ» ТҰРҒЫНЫ:
 
Ауылымызда мектеп жоқ, дүкен, емхана ешқандайдай жағдай жоқ. Жолымыз, газ , көгілдір отын жоқ. Ауылымыздың қазіргі жағдайы  жылғы соғыстан кейінгі бомба түскен ауыл сияқты. Ешқандай жағдай жоқ.  Жол жүргізіп ол ауылға шығынданғанша, газ  бәрібір  берілмейді,- дейді. Ауыл тұрғындарының атынан көшіруіңізді сұраймыз.

Нұрлан НОҒАЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
 
496 сіздің разъезд бар, Қарабатан ауылы, Ескене ауылы бар. Қала әкімі өзіңіз айттыңыз,  ұсыныс дайындап жатыр.


Осылайша 496 бекет жергілікті бюджет қаражаты есебінен  қалаға көшірілді. Тұрғындар  өтінішін аяқсыз қалдырмаған облыс басшылығына риза.

Гүлзада ИСМАҒАМБЕТОВА, «496 БЕКЕТ» ТҰРҒЫНЫ:
 
Мен бүгін алып жатырмын үйімді, қонысымды. Рахметімді айтамын. 10 жылдай болды ғой көшеміз дегенімізге . 

Әкімдіктегілер Қарабатан ауылы тұрғындарына да көп ұзамай жаңа баспана кілті табысталатынын айтып отыр.

Б. Надирқызы