Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы пара алды деп күдіктелуде

  • AstanaTV
  • 19 желтоқсан 2019
  • 3847

Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы пара алды деп күдіктелуде.  Ол қарамағындағы басқарманың басшысынан  қызмет бабындағы алға жылжуы үшін 10 мың АҚШ долларын талап етіп, 3 мың Долларын алды деп күдікке ілініп отыр.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентті мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:


Шенеунік қарамағындағы қызметкерден пара алды деген күдікке ілігіп отыр. Ол қарамағаныдағы қызметкерден қамқорлық жасап, жоғарылауы үшін сыйақы алды деген күдікке ілікті. Алайда мемлекеттік кірістер департаменті басшысы қыркүйек айынан бері жұмыс орнында жоқ.

Қабылдау бөліміндегілер 43 жастағы шендіні денсаулығы бойынша демалыста деп түсіндірді. Шенеуніктің бөлмесі жай ғана құлыптаулы. Оның қызметін орынбасары уақытша орындап отыр.
 
Шенеунік бұл лауазымға биылғы жылдың мамыр айында тағайындалған. Бұған дейін қаржы министрлігіндегі департаметтердің бірін басқарыпты. Салық саласының үздігін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қомақты пара алды деген күдікпен тергеуге алған.

ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ:

 
Атырау облысының мемлекеттік кірістер департаменті жетекшісі, жанама салықтық әкімшілендіру басқармасы бастығын өз қамқорлығына алып, қызмет жолында өсуіне жағдай жасайтынын, есесіне 10 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы талап еткен. Департамент басшысы сол қомақты қаражаттың 3 мың долларын алды деген күдікке іліккен. 

 
Ал бас салықшыға 3 мың доллар көлемінде пара берген жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы да қызмет орынында болмады. Ол 1 жарым ай бұрын жұмысынан босатылған. Аймақтағы шенділерге қатысты күдік растала ма , жоқ па, оны енді сот анықтайтын болады.

Б. Надирқызы