Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда полицейлер ауруханалардан психотропты заттарды тәркіледі

  • AstanaTV
  • 19 желтоқсан 2019
  • 2631

Қызылжарда полицейлер ауруханалардан психотропты заттарды тәркіледі. Тәртіп сақшылары «Допинг» шарасының аясында жоспарлы тексерісті қолға алғандарын хабарлады. Акцияның барысында облыс орталығындағы 18 медициналық мекеме тексерістен өтіп, тең жартысында бірқатар олқылықтар анықталған. Құрамында психотропты заттар бар дәрілерді аурухана өкілдерінің дұрыс сақтамағаны белгілі болды. Ортақ талапқа сәйкес аталған дәрілер сейфте сақталуы тиіс. Бірақ ақхалаттылар бұл ережені елемесе керек. Нәтижесінде екі жарым мың дәрі мен 1500 ампула тәркіленді. Айта кету керек, полицейлердің қолына өткен шипалы заттар ауруханада белгілі бір аурумен тіркеуде тұрған науқастарға арналған болатын.

Галина ЖОЛЫМБЕТОВА, СҚО ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАМАРСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

«Допинг» алдын алу шарасының аясында бес күннің ішінде 16 заңбұзушылық анықталды. Оның 12сі қылмыстық фактіге жатады. Қала тұрғындарынан 94 грамм есірткі табылып, қылмыстық істер ашылды. Ал қалған төрт әкімшілік іс медициналық мекемелерге тиесілі.


А. Құрманкин