Жаңаөзен тұрғындары жергілікті әкімдіктің жұмысына шағымданды. Редакциямызға хабарласқан бір топ азамат 2 жыл бұрын өздері тұрған көпқабатты үйдің апатты деп танылып, сүрілуге берілгенін айтады. Әуелде «орнына жаңа баспана береміз» деген жергілікті билік артынан тұрғындарды бос тұрған ескі үйлерге жайғастырыпты. Оның өзін жалға беріп отыр деді.
Тоқтагүл ИСАНТҰРДИЕВА, ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Бізге негізінде новый үйден беріледі деген. А так олар өздерінің уәдесінде тұрмай, біздерді деген әр микройонға бөліп тастады жаңағы әкімшілік. Ал енді бізге берген пәтерлерді жеке-меншік етуді бермейді. Мен сол үйді сатып, жер үйден алғым келеді. Үй ауыстырып болса да. Маған ондай возможность бермей отыр. Неге біз жекеменшік үйімізді өзіміздің, собственный алған үйімізді әкімшілікке өткіземіз де, біз үйсіз қалайық деп отырмыз ғой.
Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
Мәселенің мән-жайын анықтау үшін дәл қазір Жаңаөзен қаласы әкімдігімен байланысқа шығып көрейік. Бізбен қала әкімінің орынбасары Берік Ізғалиев байланыста екен. Берік Қабылұлы, кеш жарық! Тұрғындардың жаңадан берілген баспаналарды жеке-меншікке ауыстыра алмауына не себеп?
Берік ІЗҒАЛИЕВ, ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Біз ҚР-ның қолданыстағы тұрғын үй қатынастары туралы заңын басшылыққа аламыз. Аталған заң талабына сәйкес, жалғыз үйі апаттық деп танылған жағдайда, азаматтарға пайдалануға берілген коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген пәтерлерде жекешелендіріп бере алмаймыз. Осы себептен, заң талабына сәйкес, жекешелендіру мүмкіндігі әзірше біздің қолымызда жоқ.
Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
Енді қалай ойлайсыздар, бұл заңдағы олқылықтар болып тұр ғой. Тұрғындарға қалай көмектесуге болады? Сол заңды өзгертуге болады ма?
Берік ІЗҒАЛИЕВ, ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Мен енді қазіргі уақытта оны олқылық деп есептемеймін. Себебі, бұл жерде бірінші кезекте азаматтардың қауіпсіздігі. Оларды апаттық тұрғын үйден көшіріп, басқа апатты емес жайға әкелу. Осы заң негізінде істелген. Бұл пәтерді әкімдік ұзақ мерзімге жалға береді. Осы аралықта тұрғындар пәтерді тегін пайдалана отырып, мемлекеттік бағдарламалар арқылы, мысалы "Тұрғын үй қоры жинақ банкі" арқылы депозитін ашып, жеке-меншік басқа пәтерін алуға, әрекет жасауға құқығы бар. Осыны пайдалану қажет деп есептеймін.
Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
Тұрғындар жергілікті әкімдік бастапқы уәдесінде тұрмады, дейді. Әуелде келісім қалай болып еді? Оны неге орындамай отырсыздар?
Берік ІЗҒАЛИЕВ, ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұл ауызша айтылған не мәселелер екенін айта алмаймын. Бірақ біз қандай да іс әрекеттің шешімдерін осы қолданыстағы заңның аясында жасалады. Осы келген азаматтар бұл барлық өз деңгейінде барынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл осы тұрақты мерзімде пайдалануға берілген пәтер. Ешқандай жалдау ақысы бұдан алынбайды. Тек қана коммуналдық төлемдері төленеді. Осы уақыт аралығында пәтерді тегін пайдалана отырып, тұрғын мәселесін шешудің басқа да тетіктерін пайдалану болады.
Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
Рақмет, Берік Қабылұлы! Тұрғындардың мәселесі шешімін табады деген сенімдеміз. Бізбен телефон арқылы тікелей байланысқа шыққан Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Берік Ізғалиев. Қымбатты көрермен, сізді де алаңдатқан мәселе болса, хабарласыңыз! Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады. Біз сізбен бірге жауабын іздейміз.
А.Мүтәлі