Русский Сайттың толық нұсқасы

Ел астанасында қазақ күресінен VIII Әлем біріншілігі басталды

  • AstanaTV
  • 20 желтоқсан 2019
  • 2176

Ел астанасында қазақ күресінен VIII Әлем біріншілігі басталды. Байрақты бәсекеде әлемнің 28 елінен 300-ге жуық спортшы бақ сынайды.

Балуандар боз кілемде 12 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салмақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жеңімпаздарға берілетін жалпы жүлдеқоры 70 000 АҚШ долларын құрайды. Қазақстан құрамасынан бұл жарысқа 6 салмақ бойынша ерлер және әйелдер құрамасы қатысады. Олардың арасында дзюдо және самбо күресінен Олимпиада қатысушылары да бар.

Талғат МӘЗІБАЕВ, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАЗАҚ КҮРЕС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Біз осы әлем чемпонатына 36 мемлекет қатысуға тілек білдірді. Бірақ мынау қыс кезінің ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 команда жарысқа кешіктіріліп қалды. Қазақстанның құрама командасында қазір финалға шықты Манасбаев Бекзатқа үміт артып отырымыз. Ертең күресетін Дастан Ықыбаевқа.  Үш алтын болады ма деп отырмыз.

А. Данияр