Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде темір жол ауруханасы жабылып, 350 адам жұмыссыз қалуы ықтимал

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2019
  • 2781

Ақтөбеде жетпіс жылдық тарихы бар Темір жол ауруханасы жабылмақ. Жаңа жылдан бастап мемлекеттік тапсырыстан қағылған мекеме жұмысын тоқтатса,  350 адам жұмыссыз қалады. Он екі мыңнан астам тұрғын басқа емханаға ауысуға мәжбүр. Тілшіміз Бақыт Рахметова тарқатады.

Бұл Темір жол ауруханасының  негізі  елуінші жылдары қаланған. Содан бері осы аумақтағы халыққа қызмет етіп келе жатқан аурухана былтыр сенімгерлік басқаруға берілген. Ауруханада күрделі жөңдеу жұмыстары жүргізілді. Материалдық базасы жаңартылды. Бірақ аурухана келер жылға мемлекеттік тапсырыстан қағылған.

Марат ӨТЕГЕНОВ, ТЕМІР ЖОЛ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Полностью гос заказ жабылса, где -то 350 кісі жұмыстан шығып қалады. Мемлекеттік тапсырыс толық жабылатын болса , 350 адам жұмыстан шығып қалады. Біз тоқсан пайызға сол мемлекеттік тапсырысқа бағыныштымыз. Біз ауруханаға күрделі жөндеу жүргіздік. Енді стандартқа сай дегенде халыққа тегін көмек көрсету мүмкіндігінен қағылып отырмыз. 


Бұл аурухана мен емхана осы күнге дейін 12 мыңнан астам халыққа қызмет етіп келген. Аурухананың 120 адамға арналған керует орны бар. Бүгінгі күні емдеу мекемесінде 380 адам қызмет етеді. Арасында  зейнет жасына жетіп қалғандар да бар.

Ризада ӘЛІМБАЕВА, АУРУХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Қорқып тұрмын. Әрине, бір жыл қалды пенсияға.+Квартирада тұрамыз. Басымызда кредитіміз бар. Жалғыз өзім. Пенсияға келіп қалған соң.


Ғалымбек АЛҚАНБАЕВ, АНЕСТЕЗИОЛОГ-ДӘРІГЕР:

Жалғыз мен емес. Мысалы қаншама қызметкерлер бар 20-жыл, 40 жыл жасаған адамдар. Сол үйренген жерлері. Ешкім кеткісі келмейді. Барлығының кредиттері бар мойындарында, жұмыс жасағымыз келеді.

Бұл аурухананың жабылуына тұрғындар да қарсы. Үйренген дәрігерлері мен үйлеріне жақын аурухананың сол қалпы қалғанын қалайды.

Қаршыға ӘБЖАНОВ, ТҰРҒЫН:

Мына больницаны жабамыз деп жатыр. Өзім міне кемпірді бес алты күннен бері докторға жаяу әкелемін. Ол мына біздей үлкен кісіге қиын зат. Ойланыңдар. Жауып тастау оңай. Бұл жерде біраз мен сияқты қариялар бар. Олар ана жаққа қалай барады?

Ал әкімдіктегілер сенімгерлік басқаруға берілген ауруханада бір ай бұрын тексеру жүргізген. Сол кезде науқастарға жағдай жасалмағандығы, жылудың жоқтығы мен санитарлық талаптар сақталмағандығы анықталыпты.

Әсет ҚАЛИЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 
Ауруханаға науқастарды негізсіз салу, бір ауруды қайта-қайта салу. Оның барлығы үкіметтің ақшасы. Тексеріс барысында осы кемшіліктер орын алды. Барлығы актілерде көрсетілген. Ауруханасының керует қорын уақытша осы кемшіліктерді жойғанға дейін басқа ауруханаға бөліп беру мәселесін қарастырып жатырмыз.

Керует қорымен қатар 12 мыңнан астам тұрғын да басқа емханаға уақытша ауыстырылмақ. Оларға қызмет көрсетуші дәрігерлер мен медбикелер де басқа емдеу мекемесіне ауысады. Ал наурыз айына дейін емдеу мекемесі олқылақтардың орнын толтырса, жұмысын жалғастырмақ.

Б. Рахметова