Русский Сайттың толық нұсқасы

«Miras» республикалық қоғамдық кеңесінде мемлекеттік тіл мәртебесін қадағалайтын арнайы жұмыс тобы құрылды

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2019
  • 2858

Мемлекеттік тіл мәртебесін қадағалайтын арнайы жұмыс тобы құрылды. Бүгін «Nur Otan» партиясы жанындағы «Miras» республикалық қоғамдық кеңесі жасақтаған топтың алғашқы отырысы өтті. Оған танымал публицист Алдан Смайл, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы сынды тіл жанашырлары мүшелік етеді. Негізгі мақсаты - билік ортасын қазақшаландыру және тіл үйрету орталықтарының жұмысын тиімді ету.

Бекболат ТІЛЕУХАН, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ «МИРАС» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Расын айту керек, аппарат қазақша сөйлемейді. Минфин қазақша сөйлеп жатқан жоқ. Экономика министрлігі қазақша сөйлеп жатқан жоқ. Барлық министрлікте солай. Сонымен тіл өліп келеді, әлсіреп келеді, әлсіреп келеді, шегініп келеді, шегініп келеді. Мұның шешілетін уақыты болды ғой. Енді осыған қазір партия нық түрде, нақты шаруаға кірісейін де жатырмыз.

Ә. Өмірзақ