Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында қатты боран салдарынан 50-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды

  • AstanaTV
  • 26 желтоқсан 2019
  • 1798

Павлодар облысында 50-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды. Оқиға орнына жеткен төтенше жағдай мамандары оларға көмек көрсеткен. Бірақ, жүргізушілер жылыту бекеттеріне барудан бас тартқан. Олар көліктерін иен далада тастап кетуден қауіптенеді. Мамандар бұл жолаушылар арнайы хабарламалармен келетін ескертулерді елемеген деп отыр.

Бұл көліктер Қарағанды бағытына жолға шығыпты. Бірақ, қатты бораннан қарға тұрып қалған. Осының салдарынан жолда ұзындығы 6 шақырымға жетететін кептеліс пайда болды. Жолаушылар жылыту пунктеріне барудан бас тартқан.  

Ернар БӨЛЕГЕНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Оқиға орнында қалған адамдарға біздің мамандар көмек көрсетті. Оларды жылыту пунктеріне апаруға ұсыныс жасадық. Бірақ, көлік жүргізушілерінің көбі эвакуациялауға жасауға қарсы болды. Өйткені, көліктерін тастап кеткілері келмеді. Сондықтан, олар жол тазаланғанша, күтуге тура келді.

Өңірдегі 112 қызметіне 800-ден аса қоңырау түскен. Көпшілігі ауа райы туралы келген хабарламаны елемей жолға шыққандарын айтқан. Синоптиктер құбылмалы ауа райы әлі де сақталатынын жеткізді. 

Оксана ОВСЯНКОВА, "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Бірнеше күннен бергі боран бәсеңдеп келеді. Десе де, қар жауып, боран соғуы ықтимал. Енді аяз болады деп күтіліп  отыр. Солтүстіктен келген суық антициклонның салдарынан ауа температурасы бүгін түнде -18 градустан -23 градусқа дейін төмендейді.

Мамандар әлі де алыс жолға шықпауға кеңес береді. Өйткені алдағы күндері облыста -30 градусқа дейін аяз болуы ықтимал деп отыр
 
Ө. Қуанар