Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдық ғалымдар «Алтын ханшайымның» киімін қайта өзгертті

  • AstanaTV
  • 26 желтоқсан 2019
  • 5321

Оралдық ғалымдар Тақсай қорғанынан табылған «Алтын ханшайымның» киімін қайта өңдеп, көпшілік назарына ұсынды. Бір жыл бойы еңбектенген ғалымдар тарихи деректерді өзгертіпті. Бірақ олардың жобасы қазба жұмыстарын жүргізген археологтардың көңілінен шықпады. Жаңа нұсқа тарихи дәлдіктен ауытқыған деп отыр. Қиялына ерік берген дизайнерлер ханшайымның жеңіндегі әшекейлерді бас киіміне тігіп қойыпты. Тіпті қолына тәспі ұстатқан. Ал көк бөріні пір тұтқан ежелгі сарматтар мұсылмандықты қабылдамаған, дейді олар. Сондықтан жаңа киім үлгісін тарихи реконструкция деуге болмайды. Әйтпесе бұл өзгерту түрлі тартысқа түрткі болуы мүмкін. Әрі «Алтын ханшайым» мүгедек болғандықтан, оны тұрғызып бейнелеу де қисынсыз, дейді қазба жұмыстарын жүргізген археологтар.

Яна ЛҰҚПАНОВА, ТАРИХШЫ-АРХЕОЛОГ:

Костюмді реконструкция жасады. Мына костюм Алтайдың пузыректен табылған костюмінен тіпті айыра алмайсың. Основаға алғанда, реконструкция жасағанда полностью копировать етуге болмайды. Өзіміздің хотя бы Геродоттың, тағы басқа тарихшылардың жазбаларын қарап, примерно реконструкция жасауы керек деп ойлаймын.

Айта кетелік, «Тақсай ханшайымы» осыдан жеті жыл бұрын Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданынан табылды. Ғалымдар жерленген сүйек жиырма жастағы әйелге тиесілі екендігін анықтады. Ол сырға, сақина, алқа секілді 500-ге тарта алтын әшекеймен бірге жерленіпті. Табылған алтын әшекейлердің салмағы 3 келіге жуықтайды. Кейін қазақстандық археологтар шетелдік әріптестерімен бірге зерттеу жүргізіп, Тақсай қорғаны - Қазақстандағы ең көне қорым деген ұйғарымға келді.

Е. Карин