Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей, Қытай, Қырғызстан мемлекеттері Қазақстанға көңіл айтты

  • AstanaTV
  • 27 желтоқсан 2019
  • 3039

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Жеделхат Тұңғыш Президентінің ресми сайтында жарияланған.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 
Алматыдағы жолаушылар апаты туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қайғыға ортақтаса отырып, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтам. Барлық зардап шеккендер тезірек сауығып кетуін тілеймін.
    
Сенат төрағасы Дариға Назарбаева да сенаторлардың атынан ұшақ апаты кезінде қаза тапқандардың туған-туыстарының қайғысына ортақтасты.

Дариға НАЗАРБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Алматы облысында ұшақтың құлағаны туралы хабарды естіп, қайғыға ортақтасатынымызды жеткіземіз. Қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Сіздердің қайғыларыңыз бәрімізге де ортақ. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз.


Қабырғаны қайыстырған қайғының жалпыға ортақ екенін Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин де жеткізді.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туған-туысқандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Орны толмас бұл қайғыға біз де ортақтасамыз.


"Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек те, Алматыдағы қайғылы жағдайға көңіл айтты. Әуе апатынан қаза болғандардың туыстарына сабырлық, ал зардап шеккендерге тездедіп сауығуын тіледі.

Бауыржан БАЙБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Бүгін Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшқан жолаушылар ұшағы апатында қаза тапқан жандардың отбасылары мен туыс-туғандарына, ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Бүкіл еліміздің сіздермен бірге қабырғасы қайысуда. Зардап шеккендердің тезірек сауығуына тілекшімін.


Бұдан бөлек, көрші ел мемлекет басшыларынан да жеделхаттар жетті. Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан халқының қайғысына ортақтасты. Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мен Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков қаза болған азаматтардың жақындарына көңіл айту жедел хатын жолдаған.

А. Мүтәлі