Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұшақтың соңғы жағына жайғасқандар дін аман, алдында отырғандар зардап шекті-жолаушы

  • AstanaTV
  • 27 желтоқсан 2019
  • 2518

Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына қарай ұшқан әуекемесінің құлағаны туралы алғашқылардың бірі болып жолаушы Марал Ерман жеткізді. Ол әлеуметтік желіге апат маңында жедел жәрдем мен ешқандай көмектің жоқтығын жазған. Куәгермен байланысып көрдік. Олардың айтутынша, құтқару жасағы кеш жеткен. Сонымен қатар, "Ұшақтың соңғы жағына жайғасқандар дін аман, алдында отырғандар зардап шекті", дейді.

Марал ЕРМАН, ЖОЛАУШЫ:

Қанатының үстінде отырғанбыз. Самолет ортасынан бөлініп қалған ғой, арт жақтағылар аман қалдық. Стюард болған артында, сол ашты ғой деймін, аварийный терезені. Содан шықтық. Есімде жоқ, кім ашқанын да білмеймін. Қанаттының үстімен шықтық. Қарасақ, бас жағы көміліп қапты, үйге соғысқан ғой. Сонымен адамдар барлығымыз ашуға тырыстық, бірақ кирпич анау-мынау басып қалған. Балалар болды, соларды алып, сайдан өттік.


А. Мүтәлі