Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда "Fokker-100" ұшағы осымен 5-нші рет апатқа ұшырап отыр

  • AstanaTV
  • 27 желтоқсан 2019
  • 2965

Апат себебі анықталғанша "Бек эйр" әуе компаниясының жұмысы тоқтатылды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі осындай шешім қабылдаған. Мұны ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды. Ұшақтың ұшуға жарамды екені жөніндегі сертификат маусым айында берілген. Борт 1996 жылы шығарылған. Қазақстандық реестрге 2016 жылы тіркеліпті. "Бек эйрдің" мұндай 9 әуе кемесі бар. Айта кетейік, Қазақстанда "Fokker-100" ұшағы осымен 5-нші рет апатқа ұшырап отыр. 2005 жылы "Air Astana" әуекомпаниясына тиесілі "Fokker" ұшақтарының қозғалтқыштары істен шығып, екі оқыс оқиға тіркелген.  Мұнан соң, 2016 жылы наурызда Қызылордадан Нұр-Сұлтанға ұшып келген "Bek Air" әуе компаниясының «Фоккер-100» маркалы ұшағының алдыңғы дөңгелегі ашылмай қалып,  апатты жағдайда қонған болатын. Ол кезде жолаушылар зардап шеккен жоқ. 2018 жылдың 20-ншы ақпанында да дәл осы әуе көлігі Алматыдан Атырауға ұшып шығып, Тараз қаласының әуежайына апатты жағдайда қонды. Ал, бүгін таңғы сағат 7-де Алматыдан жолаушылар ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін құлады. Айта кетсем, әлемде Fokker-100 ұшағы 16 рет апатқа ұшырап, 183 адам қаза тапқан. Ол орта қашықтықта ұшатын әуе кемесі. 1980 жылы Голландияда құрастырылып, 1986 жылы әуеге алғаш рет көтерілген. Fokker-100 бортына 100 жолаушыға дейін сыяды.