Русский Сайттың толық нұсқасы

Найля Аппасованың «Болашағыңды жоспарла» атты кітабы жарық көрді

  • AstanaTV
  • 27 желтоқсан 2019
  • 4359

Нұр-Сұлтан қаласындағы көптеген әсем ғимараттарды жобалаған сәулетші Найля Аппасованың «Болашағыңды жоспарла» атты кітабы жарық көрді.  Бұл еңбекте бизнес бастаудағы идеялар мен автордың өмірлік тәжірбиелері жазылған. Қызмет жолын қарапайым құрылысшыдан бастап, белді кәсіпкерге айналған Найля Аппасова кітапты жас бизесмендерге үлгі ретінде шығарғанын айтады.

Найля АППАСОВА, АВТОР:

Кітап жеңіл әрі түсінікті тілде жазылған. Бұл барлық еңбегімнің тек бір бөлігі. Алдағы уақытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан қаласын дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, тарихи ордамызда жаңа ғимараттардың жобаларын жасайтын боламыз.

А. Асқар