Русский Сайттың толық нұсқасы

«Көктөбе» аумағында аттракционнан құлаған бала ісі бойынша кінәлілер жазаға тартылмақ

  • AstanaTV
  • 06 қаңтар 2020
  • 3073

Алматының «Көктөбе» аумағында аттракционнан құлап, бірнеше жері сынған 14 жасар бала ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің өкілдері хабарлады. Бала «Катапульта» деп аталатын аттракционнан жазым болған.

Евгений ЛЫСЕНКО, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қалалық Полиция Департаменті 2 қаңтарда Көктөбе саябағында аттракционнан құлаған 14 жасар Ф. есімді азаматты анықтаған болатын. Қазір атылмыш оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 306-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында, бұл аттракционның қауіпсіздік талаптары қаншалықты сақталғандығы немесе сақтамауы анықталатын болады.

Бірақ оқыс оқиғадан түрлі дене жарақатын алған баланың туыстары- аттракцион иелеріне кінә артпайтынын айтқан. Ал дәрігерлер баланың бірнеше жері сынғанын айтып отыр. Жағдайын орташа деп бағалады.

Абай ҚҰСАЙЫНОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №1 БАЛАЛАР КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
 
Балада көптеген сынықтардың бар екені анықталды. Ол жаңағы 3-4 омыртқасындағы сынығы. Сол жақ білек сүйегінің сынығы, оң жақ табан сүйегінің сынығы және де сол аяғындағы екі бірдей тобығының сынуы, сонымен қоса табанның тағы бір сүйегінің сынғаны. Балаға толығымен көмек көрсетіліп, қолының сүйегі орнына қойылды, аяғындағы сүйектер орнына қойылып, олар темірмен бекітілді.

Ә. Лесбек