Русский Сайттың толық нұсқасы

Таяу Шығыстағы жағдай ушықты

  • AstanaTV
  • 08 қаңтар 2020
  • 2145

Таяу Шығыстағы жағдай ушықты. Кек аламын деген Тегеран АҚШ-тың Ирактағы бірнеше әскери нысанын зымыранмен атқылады. Жергілікті ақпарат құралдары 80 адамның қаза болғанын жазды. АҚШ әзірге үнсіз. Парсы шығанағы аймағындағы ахуал жайлы толығырақ тілші материалында.

Бұл кадрда Ирактың батысында орналасқан АҚШ-тың «Айн-әл-Асад» әскери нысанына бағытталған зымыран анық байқалады. Бұл ең үлкен әкери базада 2 жыл бұрын Дональд Трамп пен жары Рождествоны қарсы алған еді. 15 баллистикалық зымыранның 11-і діттеген жеріне жетті. Әзірге неше американдықтың қаза тапқаны айтылмады.

Джавад ЗАРИФ, ИРАН СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Біз АҚШ тоқтамайтын болса Иран жауап қайтаратынын басып айттық. Жағдайды ушықтырған біз емес. АҚШ Иранға қарсы экономикалық соғыс жүргізді. Енді өзіне келетін уақыт жетті. Американдықтар ешқандай клоунды тыңдауға міндетті емес. Олар өз саясатын нақты фактілерге негізделуі тиіс.


Иран зымыранмен атқылағаннан кейін Ақ үйде шұғыл кеңес құрылды. Бірақ ресми жауап жоқ. Трамп уәде берген телеүндеудің орнына фэйсбукте қысқа хабар таратты.

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Әзірге бәрі жақсы! Қазір келтірілген шығындар есептеп жатырмыз. Әлемдегі ең мықты жабдықталған біздің әскерилер! Таңертең үндеу жасаймын.


Бұл уақытта Тегеран көшелері «генерал өлімі үшін тиісті жауап болды» деп қуанған халыққа толы болды. Және бұл үлкен істің тек басы ғана екеніне сенімді. 

БЛИЦ:

- Мен Ислам революциясы Күзет корпусынан келген әскерилерге жоспарды мүлтіксіз орындағанын айтқым келеді. Бұл шабуылдар тек басы ғана. Біздің көшбасшы Хаменеи айтқандай, егер олар бізді бір рет соқса, біз 10 рет соғамыз. Біз Сулейманидің өлімі үшін кек алғанымызды мақтан тұтамыз.


Десе де АҚШ жеңіліске ұшырайды дегенге сену қиын. Екі елдің әскери потенциалын ескеретін болсақ, АҚШ барлық дерлік санаттан оқ бойы озық тұр. Тек артиллериялық қару саны басым. Иранда 7 мыңға жуық, ал АҚШ-ті 2 мың шамасында. Десе де 80 млн тұрғыны бар Иран оңай қарсылас емес. Арнамызға сұхбат берген саясаткер Рахулла Модабер осылай, деді. АҚШ-пен соғыс болмаса да, көршілес елдердің бірімен соғыс басталып кетуі әбден мүмкін.

Рахулла МОДАБЕР, САЯСАТКЕР:


Әрине, соғыс болмайды. Өйткені американдық элита қақтығыс АҚШ үшін үлкен шығын болатынын біледі және Иран да соғысты болдырмауға дайын. Бірақ қазір барлығы Трамп мырзаға байланысты. Ол тағы бір қателікке бой алдырып, осы аймақтағы басқа әскери базасын қолданатын болса, Израильге үлкен қауаіп төнеді.
 
Ал соғыс оты тұтанған жағдайда Қазақстанға қандай әсері болуы мүмкін деген сұраққа шығыстанушы, саясаткер Расул Жұмалы жауап берді.

Расул ЖҰМАЛЫ, САЯСАТКЕР:

Бұл жағдайды елемеуге болмайды. Әсіресі Қазақстан әскери іс-қимыл ауданына жақын орналасқан. Сондай-ақ біз Иранмен Каспий теңізі арқылы шектесетініміз тағы бар. Бұл жерде барлығы ұтылмаса, ешкім де ұтпайды. Жақсы болады деп үміттенейік, бірақ кез-келген жағдайға дайын болу қажет.


Трамптың Иран жұртшылығы аса құрметтейтін генералды өлтіруге берген бұйрығы Конгрес мүшелерінің де ашуына тиді. Бүгін Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Трампты Иранға қарсы арандатушылықты тоқтатуға шақырды. Ал ашуға мінген Иран тарапы АҚШ қарымта жауап ретінде ел аумағын бомбалайтын болса, одақтастары Дубай мен Израильға шабуылдайтынын мәлімдеді. 

Ә. Өмірзақ