Русский Сайттың толық нұсқасы

Қ.Тоқаев Ирандағы қазақстандық дипломаттар қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

  • AstanaTV
  • 08 қаңтар 2020
  • 3016

Қазақстанның Таяу Шығыстағы елшіліктері мен ондағы қызметкерлер қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек.  Бүгін Ақордада өткен шұғыл кеңесте Президент осындай тапсырма берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтон мен Тереган арасындағы шиеленіске алаңдаушылық білдіріп отыр. Сондықтан Ирандағы қазақстандық компаниялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді де бұйырды. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Иран аумағында 174 отандасымыз бар. Қазір олармен байланыс орнатылып жатыр.

Ақорда сайтынан:

 
Қазақстан Президенті Парсы шығанағы аймағындағы ахуалдың күрт шиеленісуіне алаңдаушылық білдіріп, аталған іс-қимылдарға қатысушы тараптардың барынша ұстамдылық танытуы қажеттігін айтып, қақтығыстарды дипломатиялық әдіс-тәсілдермен, ең алдымен, бұл іске БҰҰ араластыра отырып, сондай-ақ екіжақты байланыстар мен келіссөздер арқылы реттеу мүмкін екенін атап өтті.

А.Мүтәлі