Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда үш жігіт пранк жасағаны үшін жауапқа тартылды

  • AstanaTV
  • 08 қаңтар 2020
  • 2648

Қызылжарда үш жігіт пранк жасағаны үшін жауапқа тартылды. Көлікке тіркелген матрацқа мініп, қаланың орталық көшелерінде айдаған жігіттер халықтың дегбірін қашырған екен.

Матраспен жарысқан пысықайларды полиция көп ұзамай анықтап, бірнеше бап бойынша әкімшілік жазаға тартты. Қаланың 19 және 20 жастағы тұрғындарының ешқайда жұмыс істемей, ерігіп жүргені белгілі болды. Артынша бұзақылар өз кінәсін түсініп, халықтан ресми түрде кешіріп сұрады. Айта кету керек, өткен аптада ғана дәл осындай пранк қайғылы жағдаймен аяқталды. Шығыс Қазақстанда баллонға мініп, тас жолмен айдаған жігіттер қарсы келе жатқан көліктің астына кіріп, мерт болған еді.

Шәмшіден АҚЫШОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тайота машинасының иесіне әкімшілік хаттама толтырылды. 593 баптың екінші бөлімі бойынша бес есептік көрсеткішке айыппұл салынды. Және де үш адам жаңағы матрацпен жүрген 434 бабы бойынша хаттама толтырылды.

А. Құрманкин