Русский Сайттың толық нұсқасы

2020-2021 жылдары тұрғын үйлерді жөндеуге 30 миллиард теңге бөлінеді

  • AstanaTV
  • 08 қаңтар 2020
  • 2562

2020-21-ші жылдары тұрғын үйлерді жөндеуге 30 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Сапар Ахметов «Астана-Теплотранзит» өндірістік цехында өткен кездесуде мәлімдеді. Ол- әр аймаққа, кемінде 2 млрд теңгеден бөлінеді деп отыр. Бұл қаражатқа шамамен- елдегі 800 тұрғын үй  жөнделмек. Аймақтарға ат басын бұрған депутаттар жұрттың базынасын тыңдады.

Биылдан бастап, тұрғын үйді басқару тәртібі өзгереді. Енді меншік иелерінің кеңесі құрылады. Олар ақшаны қайда бағыттап, қалай жұмсау керектігін өздері шешпек. 

Сапар АХМЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз алғаш рет жергілікті атқарушы органдарға бюджет қаражаты есебінен тұрғын үйлерді, олардың инженерлік желілерін күрделі жөндеуден өткізу, лифтілерді ауыстыру құқығын бердік. Бұрын бюджет бұған қаражат жұмсай алмады, ал енді мемлекет оған мүмкіндік бере алады. Елде 78 мыңнан астам тұрғын үй бар болса, оның 18 мыңнан астамына жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл - өте үлкен мәселе. Сондықтан оны мейілінше жылдам шешу керекпіз.


Ал, Павлодар облысына іс сапармен барған мәжілісмендерді ауыл шаруашылығы мамандарының жетіспеушілігі алаңдатады. Олар ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, бос жатқан жерлерді игеру керектігіне баса назар аударды.

Нұржан ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бізде кадр жетіспеу ауыл шаруашылығында. Оған көп жастар барғысы келмейді. Бұрынғы кадрлар көшеді ауылдық жерлерден. Оны тоқтату үшін ауылдық жерге көп қаражат құю керек. Қазір «Ел бесігі» деген бағдарлама бар. Сол арқылы әрбір ауылдарға көмек жасауымыз керек.


Қостанай жұртымен кездескен депутаттар болса, елді- мекендерді оңтайландыру, әлеуметтік көмек жайын сөз етті. Ұстаздардың мәртебесі туралы қабылданған заң мен міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру мәселесі де талқыға түсті. Жастар жылы қорытындыланды.

Қуаныш СҰЛТАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
 
Әлеуметтік мәселелер ғана емес көтеріліп жатқан. Жалпы қоғамдық мәселелер көтерілді. Ойға түйгеніміз жеткілікті. Оларды алдағы уақытта біздің заң жобаларын қабылдауға көп ықпалын тигізетініне сеніміміз мол.

Халық қалаулылары Маңғыстау облысы Бекі ауылы тұрғындарының проблемасына да құлақ салды. Олар 30 жыл бойы қарапайым жағдайларға қол жеткізе алмай жатқандығын айтып шағымданды. Өңірде өзекті мәселе болып тұрған мектеп, су құбыры және ұялы байланыс. 

Тарас ХИТУОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Сол жерде шешетін болса, сол жерде жауап беріп айтамыз. Шешілмейтін бір уақыт керек мәселелер болса, оны алып министерстволармен жұмыс жасап. Үлкен мәселелер бар.  Газдың бағасы, ауыз су мәселесі. Ұсыныстарымызды пікірлерімізді таңдаған соң соны орындауға жұмыс жасаймыз.

2020 жылы елді мекенге 9 жарым миллион теңге бөліну жоспарланған. Жергілікті билік өкілдері әзірге тек мектеп үшін жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатқанын жеткізді. Бұқараның базынасын тыңдағын депуттар проблеманы бақылауда ұстауға уәде етті.

А. Данияр