Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавл мен Павлоларда синтетикалық есірткінің ірі партиясы табылды

  • AstanaTV
  • 13 қаңтар 2020
  • 3198

Қызылжарда есірткінің синтетикалық түрін интернет дүкен арқылы саудалады деген күдікпен екі адам ұсталды. Олар заңсыз жұмыс істеген дейді полиция. Айта кетейік, өңірде алғаш рет ғаламтор саудагерлерін құрықтау операциясы өтті. Ал Павлодарда синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді. Абзал Құрманкин тақырыпты толықтырады.

Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:
 
Бұл синтетикалық ескірткімен күресіп жатқан қызылжарлық полицейлердің кішігірім жеңісі десек болады. Аймақта алғаш рет интернет дүкен иелері ұсталды.

Бірнеше айға созылған операция қаңтардың сегізі күні нәтижесін берді. Күдіктілер 29 және 31 жастағы жергілікті тұрғындары. Олардың жалдамалы пәтерінен "тұз" бен "спайстың" 250 граммы табылған. Сондай-ақ, алып-сатарлардың көлеңкелі бизнесін ұйымдастыруға септескен смартфондар мен сим-карталар тәркіленді.

Осыған дейін полицейлердің құрығына тек синтетикалық ескіртіге қатысты жарнама таратушылар мен нашақорлар ғана түскен болатын. Ал заңсыз бизнесті дөңгелеткендердің ізіне түсу қиынға соқты, дейді тәртіп сақшылары.

Жандос БАСЫБАЕВ, СҚО ПД ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Бұл интернет ресурстың нақты кестесі болған. Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат он екіден он сегізге дейін жұмыс істейтін. Сенбі жексенбі демалыс күні деп белгіленген. Қазіргі уақытта ұсталған тұлғалар ҚР қылмыстық кодексінің 297 бабының үшінші бөлігі бойынша тұтқындалды. Ұсталғандар бұрын сотталмаған. Еш жерде жұмыс істемейді.

Павлодарда да синтетикалық есірткі мәселесі өткір тұр. Полицейлер күдікке іліккен 41 жастағы тұрғынды ұстап, оның үйін тінту кезінде 96 ұсақ қорап тапқан. Сондай-ақ, есірткіні дайындауға арналған құралдар мен полиэтилен материалдары кездесті. Мамандар, мұның психотропты есірткі екенін анықтады. Күдікті бұған дейін есірткі сақтағаны үшін сотты болған, деді. Жалпы жыл  басынан бері облыста есірткі қылмысына байланысты 16 факті тіркелген.

Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297 бабы 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Синтетикалық есірткімен күрес тек былтырғы жылдың шілде айынан бастап қана нәтиже бере бастаған. Себебі синтетикалық есірткі жайындағы Заң өзгеріп, бұдан былай зиянды заттардың тізімін бірден толықтыру мүмкіндігі пайда болды

Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:

Өткен жылы теріскей бойынша "тұз" бен "спайсты" таратқан 162 интернет-дүкен анықталып, дереу жабылған еді. Ал қараша айында синтетикалық есірткі зертханасы әшкере болып, жойылды.

А.Құрманкин