Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда жасөспірімді қаққан жүргізуші көлікпен жарысқан

  • AstanaTV
  • 14 қаңтар 2020
  • 3412

Атырауда жаяу жүргіншілер жолында жасөспірімді қаққан жүргізуші көлікпен жарысқан. 21 жастағы көлік иесі Данияр Сәтиев кінәсін толықтай мойындап, оның адвокаты сотқа процесуалды келісімге келу туралы өтініш түсірді. Бүгін сот отырысына шақырылған үш куәгер де келген жоқ. Оның бірі -  жарысқа түскен мерседес жүргізушісі. Ол әкімшілік жауапқа тартылды. Бірақ жәбірленуші тарап жарысқа түскен бұл жігіттер де жауапқа тартуды сұрады.

Әсел НҰРҒАЗИЕВА ,  ЖӘБІРЛЕНУШІ ТАРАП  ҚОРҒАУШЫСЫ:
 
Міндетті түрде куәгер Мұхамедиов Азаматтан жауап алуы сұраймын. Бұл өте маңызды. Істе біздің, жәбірленуші тараптың, бірнеше өтініші бар. Мұхамедиев Азаматтың да аталған бақытсыз жағдайға қатысы бар.

Жұмағали ТӘШІМОВ, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Сот қаулы етеді: ҚР Қылмыстық Процесуалды Кодексінің 628 бабына сәйкес,  егер сотқа процесуалды келісім туралы өтініш түскен болса, судья оны қанағаттандыру тиіс. Және прокурорға белгілі мерзімді ұсынып,  процесуалды келісім жасақтауға жіберу керек. Сондықтан сот қылмыстың істі кейінге қалдырып, адвокаттың процесуалды келесімге келу туралы өтінішін қанағаттандырады.


Естеріңізге салайық, қайғылы оқиға өткен жылдың 21 қыркүйегінде қаладағы Баймұханов көшесінде болды. Бейнебақылау камерасынан қос қымбат көліктің аса жоғары жылдамдықпен жарыса жүйткігені анық көрінеді. Сараптама қорытындысына сәйкес адам қаққан «Тойота» сағатына 145, ал одан қас-қағым сәт бұрын жасөспірімнің жанынан зу етіп өткен қара «Мерседес» сағатына 137 шақырым жылдамдықпен жүрген. 17 жастағы колледж студенті Нұртаң Мақсотов оқиға орнында қаза тапқан еді.

Б. Надирқызы