Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан әкімінің үндеуіне голливудтық фильмнің режиссері лайк басты

  • AstanaTV
  • 14 қаңтар 2020
  • 2432

АҚШ-тың атақты кинорежиссеры Майкл Бэй «Призрачная шестерка»  фильміндегі оқиғаға Түркістан қаласының ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеуі тиіс. Түркістан қаласының әкімдігі осылай деп хабарлады. Бұған дейін рухани шаһар басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында ағылшын тілінде жазба жариялады. Онда атақты режиссерге кинодағы Тургистан мемлекетінің атауы Түркістан қаласымен ұқсас екенін айтып, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей екенін жазды. Фильмде Тургистанда өз халқын химиялық қарумен қыратын диктатор бар екені суреттелген. Қала әкімі Рашид Аюпов жол түссе режиссерды түркі әлемінің мәдени астанасына қонақ болуға шақырды.

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ:

"Тургистан" мемлекеті ойдан шығарылған атау болғанына қарамастан, көрген жандар басқаша қабылдауда. Қазір де бірнеше интернет ресурстар Туркестан мемлекеті деген ұғымды қолданып, жаңалықтар шығарып жатыр. Осындай келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында Майкл Бэй бір ауыз біздің елімізге кинода орын алған оқиғалардың қатысы жоқ екенін айтса деген әкімнің ниеті бар.


Айта кетейін, Майкл Бэй инстаграм парақшасында әкім тарапынан жазылған пікірге еш жауап қатпағанмен, ол кісі әзірше әкім парақшасына жазылып, лайк басып қалдырыпты.

А. Төребекқызы