Русский Сайттың толық нұсқасы

Тобыл өңірінде 3 жастағы бүлдіршін менингит жұқтырды

  • AstanaTV
  • 15 қаңтар 2020
  • 2121

Тобыл өңірінде үш жастағы бүлдіршін менингит ауруын жұқтырды. Қазір ол облыстық балалар ауруханасында емделіп жатыр. Жұқпалы індет жұқтырған сәби Лисаков қаласынан жеткізілген. Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаменті дереу індеттің қайдан шыққанын анықтауға кіріскен. Бөбекжай, баланың ата-анасы мен жақын туыстары, тұратын мекені түгел тексеріліпті. Алайда,жұқпалы ауру тасымалдаушылар анықталмаған көрінеді. Мамандар мұндай жағдай аймақта соңғы рет алты жыл бұрын тіркелгенін айтады.

Мадина СӘКЕНОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Қазіргі уақытта бала емделуде, жағдайы қанағаттанарлық, оң динамика байқалады сауығу үстінде. Онымен байланыстағы науқастар мен менингкокцемия тасымалдаушылары арасында анықталған жоқ.

З. Санай