Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттің құзыреті артпақ

  • AstanaTV
  • 15 қаңтар 2020
  • 2899

Мәжіліс отырысында Қорғаныс министірінің бірінші орынбасары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзыретін арттыруды ұсынды. Президенттің құзыретін «Соғыс жағдайы» жарияланғанда өсіру көзделген. Мұрат Бектановтың айтуынша, қазіргі заманда түрлі деңгейдегі қауіп-қатерге қарсы тұру үшін Президенттің құзыретін арттыру қажет. «Бұл Мемлекеттің қорғанысын нығайтады», деді Қарулы күштер Бас штабының басшысы. Сондай ақ қорғаныс министірлігі, Үкімет мүшелерінің бейбіт күндегі құзыретін «Соғыс жағдайы» кезінде арттыру қажеттігін де ұсынды. Ұсынысқа сәйкес, Еңбек кодексі мен «Соғыс жағдайындағы» үш Заңға қосымша өзгертулер мен толықтырулар енгізлуі тиіс.

Д. Мұхаммедкәрім