Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 16 қаңтар 2020
  • 2626

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов лауазымды уәкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін қамауға алынды. Бұл туралы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті хабарлайды. Қазіргі уақытта әкімге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Тілшіміз сабақтайды.

 АУДИОХАБАРЛАМА:

- Бакауова, говорят, с совещания в руках забрали. Правда, неправда, никто не знает. Вроде, говорят, правда.
- Да, Бакауова и его помощника «хлопнули». Прям на совещании наручники надели конторские. Да Павлодар весь шумит, ты чё. Говорят, акимат оцепили весь.


Бұл  хабарлама кешелі бері WhatsAppа мессенджерінде шарлап жүр.  Алайда, облыс әкімдігі түске дейін Болат Бақауовтың қамауға алынғанын жоққа шығарған болатын. 
 
Ернар СЕЙТАХМЕТ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қазіргі таңда облыс әкімдігінің барлық қызметкерлері штаттық режімде жұмыс жасауда. Облыс әкімі қазір Павлодар қаласында және жұмыс барысымен Павлодар қаласында жүр.

Ал Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан жазбаша ақпаратта әкім Болат Бақауовтың қызметін асыра пайдаланғаны жария болды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы 15 қаңтарда Павлодар облысы әкімі Болат Бақауовқа қатысты лауазымдық уәкілеттіліктерін асыра пайдалану фактісі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 362 бабы 2 бөлімі 3-тармағы бойынша тіркелген қылмыстық іске сәйкес жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді.

Айта кетейік, жаңа жылдың алдында аймақ әкіміне қатысты тағы бір шу шыққан болатын. Ол кезде Болат Бақауовтың портреті 31 млн. тенгеге сатылғаны тарады. Алдайда, әкімдік бұны шоумендердің қалжыңы екенін айтып, жоққа шығарған еді.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Болат Бақауов - еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап, әкімі лауазымына дейін көтерілген. Әр жылдары Тереңкөл  ауданы мен Ақсу және Павлодар қалаларын басқарды. Ал бұл қызметке ол 2016 жылдың 25 наурызында келген екен. Егер күдік расталып облыс басшысы істі болса, онда бұл - аймақтағы үшінші әкімнің жазалануы болмақ.

Ө. Қуанар