Алматыда мемлекеттік кірістер басқармасының бірқатар қызметкері сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді. Олар жеке кәсіпкерлердің шотын бұғаттап, 30-40 мың теңге көлемінде қаражат жымқырып отырған. Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі, күдіктілердің мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері екенін растады. Салықшылар Медеу ауданынындағы мемлекеттік кірістер басқармасында жұмыс атқарыпты. Енді аталмыш күдіктілердің ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сымбат ИСРАПҰЛОВА, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:
Олар жеке кәсіпкердің шотының бұғаттауын алу мен әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін жеке кәсіпкерлердің өкілдерінен 30-40 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін күдікті деп танылды. Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.
А. Лесбек