Қарағандыда жол ережесін бұзатын автобус жүргізушілері көбейген. Жол сақшылары екі күнде 200-ге жуық заң бұзушылықты анықтапты.
Автобус жүргізушілері көліктің ішіндегі орындықтар мен қондырғылар рұқсатсыз өзгертіп алған. Жарысып жылдамдық асыратындар да, көлік тізгінінде телефонмен сөйлесетіндер де кездескен. Мұнан өзге қоғамдық көліктердегі апат кезінде шығатын есіктер мүлде жұмыс істемейтіні белгілі болды. Аталған заңсыздықтар хаттама арқылы тіркеліп, автопарктерге ескерту жіберілген. Алайда полицейлер қауіпсіздікке мән бермейтіндердің көп екеніне алаңдаулы. Өткен жылы автобус жүргізушілерінің қатысуымен болған апаттардан 2 адам қайтыс болса, 40 шақты жаяу жүргінші түрлі жарақаттарын алған.
Әділ ЕЛЕСПАЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ ПБ ЖП ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:
2019 жылдың 12 айында Қарағанды қаласының аумағында қоғамдық көліктердің қатысуымен 24 жол көлік оқиғасы тіркелген және де олардың тарапынан 600 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
А. Қуаш