Русский Сайттың толық нұсқасы

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары шетелдік көлік иелеріне кеңес берді

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2020
  • 2436

Қазақстандағы шетелдік нөмірлі көліктер қылмыс құралына айналды. Кей қылмыскерлер арам әрекетін жүзеге асыру үшін әдейі осы көліктерді сатып алады. Сондықтан қылмыстық істің ақ-қарасын анықтау қиын, дейді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев. Өткен жылы шетелдік нөмірлі көлік тізгендеген қазақстандықтардың қатысуымен 400-ден астап жол апаты болып, 132 адам қайтыс болды.

Марат ҚОЖАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Мәселен, Павлодар облысында үш отандасымыз арнайы ресейлік нөмірлі ВАЗ 2106 көлігін сатып алып, жергілікті бизнесменге қарақшылық шабуыл жасаған. Осыдан кейін осы «шестерканы» өртеп, дәлел-дәйектердің бәрінің көзін құртқан. Өкінішке қарай, мұндай қылмыстардың саны азаймай тұр.

Министрлік алдағы уақытта шетелдік көліктерді сатып аларда сақ болуға шақырды. Өйткені шағым түсірген қазақстандықтар көбейген. Армениядан көлік сатып алуға барғандар уақытша азаматтық алу кезінде алаяқтардың құрбаны болып жатқан көрінеді. Ал митингке шыққандарға көліктерін кері сатуға немесе бөлшектерін сатуға кеңес берді.

Ә. Өмірзақ