Русский Сайттың толық нұсқасы

Мектеп әжетханасында 7 сынып оқушысын зорлаған азғын 25 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2020
  • 2873

Жамбыл облысында 7 сынып оқушысын мектептің ауласындағы әжетханада ойына келгенін жасаған азғынға сот үкім кесті. Ұрып-соғып, жеткіншекке зорлық көрсеткен қаскөй енді 25 жылын аса ауыр қылмыс жасағандар отыратын абақтыда өткізбек. Оған кастрация да жасалады. Әріптесім Берік Жұмабайұлы сотқа қытысып қайтты.

Сот залында оқылған деректерге сүйенсек, азғын алдымен 1 сағат бойына мектеп әжетханасын торуылдаған. Өзіне ыңғайлы сәтті аңдыса керек. Оқушының жалғыз кіргенін байқай салысымен артынан кіріп, есікті ішнен жауып алған. Сөйтіп 12 жастағы қыз балаға 40 минут бойына қорлап, артынша өзі бой тасалапты.

Кенжеғали КЕНЖЕБЕКОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Бірнеше рет жұдырығымен ұрған. Одан кейін шапалағымен бетінен ұрған. Содан кейін қызды жыныстық қатынасын жасаған және де өзге де сексуалдық сипаттағы әркеттер жасаған. Түсініп отырсыздар ғой.


Судья қаскөй жасөспірімнің дәрменсіз күйін пайдаланып жатқанда, оқушының сыныптастары мен бірнеше мұғалім артынан іздеп дәретханаға келгенін айтты.

Кенжеғали КЕНЖЕБЕКОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Сол кезде мына сотталушы қыздың аузын жауып, қорқытып, егер де айтсаң мойныңды қайырып жіберем деген. Сөйтіп, қызға айтқан. «Сен айт. Сенің ішің ауырып жатыр. Сен шығамайсың деп. Сөйтіп қыз сыртта тұрған қыздарға айтқан. «Сендер кете беріңдер, ішім ауырып жатыр. Сосын барам» деп сөйтіп айтқан.

Сот процесі барысында, айыпталушының маскүнем, әрі нашақор екені белгілі болған. Ал, дәрігерлер оның педофиль екенін де анықтапты. Күдіктінің кінәсі толық дәлелденді дейді судья. Бірақ ол айтуға ауыз бармайтын әрекетін спирттік ішімдік ішкеннің кесірі деп өкінеді.

Енді ол жазасын аса қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтейді. Сонымен қатар, ішімдік пен нашақорлыққа тәуелділігін мәжбүрлі түрде емдеп, оған химиялық кастрация жасалынбақ. Ел ішінде резонанс тудырған бұл оқиға былтыр қарашада қаладағы нөмірі 6-ші мектепте болған еді. Сабақ үстінде дәретханаға сұранған оқушы, мектеп ауласында азғыннан қорлық көрген болатын. Бұл оқиғадан соң 12 адам жұмыстан шығарылған.

Берік ЖҰМАБАЙҰЛЫ, ТІЛШІ:

38 жастағы қылмыскер бұған дейін де дәл осындай баппен сотты болған екен. Алайда ол кезде сыбайластарына көмектескені үшін қолына кісен салыныпты. Бірінші жасаған қылмысымен 5 жыл сотты болса, екінші рет қайталағаны үшін 25 жылға сотталды.

Б. Жұмабайұлы