Русский Сайттың толық нұсқасы

Саяси менеджмент мектебі 10 мың нұротандыққа семинар өткізеді

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2020
  • 4001

Биыл "Nur Otan" партиясының 10 мыңға жуық мүшесіне арнап қоғамдық саясат жайлы тренинг өткізілмек. Ал бүгін Саяси менеджмент мектебі алғашқы семинарын өткізді. Мектеп директоры Шыңғыс Нұрланов тренингтің маңыздылығына тоқталды.

Шыңғыс НҰРЛАНОВ, САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Партия жұмысын жандандыру үшін біз бүгін оқуды бастадық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастауыш ұйымдар халықтың мәселесін шешетін орын деп атап өтті. Сондықтан көптің көкейіндегі мәселелерді шешуде біліктіліктің маңызы жоғары.  Дәл осындай тренингтерді Нұр-Сұлтан және елдің барлық өңірлерінде өткізуді жоспарлап отырмыз.

Қайырлы ТАУКЕН, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Бұл семинар өз маңыздылығымен ерекшеленеді. Көпшілікпен сөйлескен кезде ғылыми терминдерді, саяси терминдерді қолданамыз. Адамдар мұны түсінбей қалуы мүмкін. Ал, бұл семинар-тренингте үйретіп жатыр. Аудитория қандай болса, біз сол тілде сөйлеу керекпіз.

Ғ.Өтемісов