Русский Сайттың толық нұсқасы

Рудныйлықтар пештен шыққан күлді қайда төгерін білмей дал

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2020
  • 2914

Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғындары пештен шыққан күлді қайда төгерін білмей дал. Редакциямызға хабарласқан тұрғындар газ тартып беруді сұрайды. Айтуларынша 2017 жылы жергілікті атқамінерлер көгілдір отынға қосуды уәде еткен. Бірақ проблема әлі шешілмепті. Әкімдікке шағымданғанымен мардымды жауап ала алмай отырмыз дейді.

Айжан ҚОЖАХМЕТОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ РУДНЫЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қаланың ортасында тұрамыз газ жоқ, пеш жағамыз. Кеше келіп сыртқа күл төгесіңдер деп бізге штраф салып кетті. Енді біздің не істеуіміз керек? Газ өткізген жоқ, қаланың қақ ортасында отырмыз. Біз газге мұқтажбыз, бірақ бізге жоқ.

Осы мәселеге байланысты Рудный қаласы әкімінің орынбасары Әнуар Ескатовпен байланысқа шығайық. Қайырлы кеш, Әнуар Қорғанбекұлы! Сіз тікелей эфирдесіз! Тұрғындардың шағымын өзіңіз естідіңіз. Газ жоқ, күл төгетін орын жоқ. Тұрғындарға қалай көмектесе аласыздар?

Әнуар ЕСКАТОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ РУДНЫЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сәлеметсіз бе? Күл төгетін жерді әркім өзі шешеді. Бізде ұйымдар бар күл шығаратын. Олармен келісім шартқа отырып ол мәселені бітіруге болады. Егерде жалпы сигнал болса, бізге 109 деген анықтама телефоны бар. Ол жерге хабарласып, ол сұрақты шешуге болады, дайынбыз.


Бұл түсінікті. Енді өздеріңіз 3 жыл бұрын газдың мәселесін шешуге уәде берген екенсіздер? Газ бола ма?

Әнуар ЕСКАТОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ РУДНЫЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Газ мәселесі... Космынина көшесі 18 шағын ауданда орналасқан. Сметалық құжаты сараптамадан өткізілді. Бағдарлама бойынша ақша бөлінді. Былтырлары декабрь айында жұмыс басталып кетті. "МежРайГаз Плюс" деген дайын жұмыс істеуге. Март, апрель айларында уже басталады. Жалпы проектының соммасы 36 миллион бөлінген. Енді, жұмыс көлемі 3-4 айдың ішінде бітіп қалады деп ойлаймын.


Жақсы. Сұхбатыңызға рақмет! Еске салайын бізбен байланыста болған Қостанай облысы Рудный қаласы әкімінің орынбасары Әнуар Ескатов. Жер үйлерде тұратын бұл тұрғындарға көгілдір отын биыл беріледі деп сенеміз. Қымбатты көрермен, сіздің де мәселеңіз болса, экранда көрсетілген телефонға хабарласыңыз! Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауап іздейміз.

А. Данияр