Русский Сайттың толық нұсқасы

Латын қаріпіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы көңілге қонымды - Кеңшілік Тышқан

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2017
  • 6317

Қазақ тілінің латын қаріпіндегі Елбасына ұсынылған жаңа нұсқасы көкейге қонымды. Латын-шағатай тілдерінің маманы, ғалым Кеңшілік Тышқан осылай дейді. Оның сөзінше, жаңа қаріп бізді жаңа технологияларды меңгеруге жол ашады. Сондықтан ол өзге ел азаматтарына да оқуға барынша жайлы болғаны жөн. Сонымен қатар Түрік елі сынды кей төл дыбыстарымызды жоғалтып алмауымыз керек. Жазылған сөздер шұбалмай, тиянақты түрде болуы шарт. Ол үшін диграфтардан қашпай, бір әріп бір дыбыс қағидасын ұстанған жөн, - дейді ғалым.

Кеңшілік Тышқан, философия ғылымдарының кандидаты:

Сөз бұзылмау керек, сөздің дыбысталуы бұзылмауы керек. Сондықтан алдыңғы жобаны жалпы халық қабылдамады деп ойлаймыз. Кешегі ұсынылған жоба әлдеқайда тиімді, көкейге қонымдырақ болып көрінді. Бірақ мұнда да әлі де қарастырылатын мәселелер бар. Түймелер немесе жаңағы үтіршелер, қосалқы әріптер болған жағдайда немесе сол әріптің баламасы болғанда, қойылу керек. Баламасы жоқ болса, оларды қойып қажеті жоқ.

Тіл мамандары латын қаріпіне көшудің жаңа нұсқасын күні кеше Президентке ұсынған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев "бірде бір мемлекет біз сияқты әліпбиін халық пікірімен санаса отырып жасақтаған жоқ" деп атап өткен болатын.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ