Елімізде мәйіттік донор трансплантациясы күрт кеміп, сау ағзаға мұқтаждардың саны үш мыңға жуықтаған. 2019 жылы бар болғаны бір адамға мәйіттік трансплантация жасалған. Ал сау ағзаға мұқтаж аурулардың саны жыл санып артып отыр. Арнайы құрылғылардың көмегімен өмір сүретіндердің саны бес мыңнан асады. Елдің бас трнасплантологы Болатбек Баймаханов халықты мәйіттік донор мәселесіне жаңаша көзқараспен қарауын сұрады. Қазір сау ағза кезегінде 2675 науқас бар. Оның жүзге жуығы бала. Айта кетейік, жылына ағзаға зәру сырқаттардың 30 пайызы қайтыс болады.
Болатбек БАЙМАХАНОВ, «А.Н.СЫЗҒАНОВ АТЫНДАҒЫ ҰҒХО» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
Мен алты жыл бұрын барлық дін өкілдерін жинадым. Мәйіттік донорге ешқандай дінмен шектеу қойылмаған. Қайтыс болған адамның ағзасы басқа адамдарды құтқарып қалса, сауап болып саналады. Бұл мәселеде Иран көш бастап тұрған елдердің бірі. Трансплантацияның 85-90 пайызын мәйіттік донор құрайды. Елімізде арнайы заң бар. Оның орындалуына халық қарсы болып отыр.
А. Кемелжан